Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі

Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі

№

Меморган

Жиі қойылатын сұрақ

Қысқаша жауап

Толық жауап

НҚА-ға сілтеме

Кілт сөздер және хештегтер

1

«Көксу ауданының ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» ММ

Мал суаруға арналған ұңғыманы бұрғылауға субсидия алу үшін қайда барамын?

Мал суаруға арналған  ұңғыманы бұрғылауға субсидия алу үшін жергілікті әкімшілікке жүгінуіңіз қажет.

Мал суаруға арналған  ұңғыманы бұрғылауға субсидия алу үшін жергілікті әкімшілікке келесі іс-әрекеттерді атқарып, құжаттарды ұсыну қажет:

1) өз қаражатыңыз есебінен ұңғыманы немесе құдықты бұрғылау;

2) субсидиялауға өтінім беру қажет;

3) жұмыс шарты, орындалған жұмыстар актісі, төлемді жүзеге асыруды растайтын төлем құжаттары, объектіні пайдалануға беру актісі және ұңғыманың паспорты.

Сондай-ақ Сізде 50 шартты бас ірі қара мал басы болуы міндетті.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.07.2018 жылғы «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» № 317 бұйрығы.

Мал суаруға арналған ұңғыманы бұрғылаудың субсидиясы туралы

2

«Көксу ауданының ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» ММ

Жер қатынастары саласында қандай  қызмет түрлері бар? 

Жер қатынастары саласы бойынша 13 мемлекеттік қызмет түрлері бар.

 

 

Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларға сәйкес жер қатынастары саласы бойынша келесі мемлекеттік қызмет түрлері бар:

1) «Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту»;
 2) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
 3) «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру»;
 4) «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру»;
 5) «Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру»;
 6) «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу»;
 7) «Жер учаскелерінің бөлінетіндігін және бөлінбейтіндігін айқындау»;
 8) «Бүлінген жерлерді рекультивациялау жобасын келісу және беру»;
 9) «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеу не бөліп төлеу арқылы сату»;
 10) «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»;

11)  жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту;

12) Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу;

13) жер учаскесін жалдау шартының төлнұсқасын беру туралы.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.06.2023 жылғы «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» бұйрығы.

Жер қатынастары

3

«Көксу ауданының ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» ММ

Жер учаскесін ауданның арнайы жер қорына өткізсем бола ма?

Ауданның арнайы жер қорына жер учаскелерін өткізуге болады.

Ауданның арнайы аудан қорына жер учаскелерін өткізу үшін жеке және заңды тұлғалардан құзыретті органға өтініш түсіру арқылы жүзеге асады.

ҚР «Жер Кодексінің»  82, 100-баптары, ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының            31-бабының  1 - тармағының 10) тармақшасына сәйкес.

Жер учаскесі

4

«Көксу ауданының ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» ММ

Шаруа қожалығының басшысын қалай тағайындауға болады?

Шаруа қожалықтың басшысын тағайындау үшін шаруалық мүшелері жиын өткізіп, дауыс беру арқылы  сайлайды, хаттама толтырады.

 

Шаруа қожалықтың басшысын тағайындау үшін шаруалық мүшелері - ортақ меншiк иелері жиын өткізіп, дауыс беру арқылы сайлайды, хаттама толтырылады.

Ортақ жер пайдаланудағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiн пайдалану тәртiбiн үлестiк меншiкке қатысушылардың отырысында көпшiлiк даусымен қабылданады. Шаруа қожалығының басшысы 18 жасқа толған кез келген әрекетке қабілетті ҚР азаматы бола алады. 

ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 42-бабына сәйкес 

ШҚ басшысын тағайындау

 

Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі
Дата публикации
18 марта 2026