Референдум учаскелерінің жұмысына қатысты кейбір мәселелер туралы

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 12) тармақшасына, 24-бабының 8-тармағына сәйкес, Көксу аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторында орналасқан Көксу ауданының №243 референдум учаскесінде республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жоқтығын ескере отырып, Жетісу облысы Көксу ауданының аумақтық референдум комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Көксу ауданының №243 референдум учаскесінде дауыс беру жүргізілмесін, учаскелік референдум комиссиясының қызметі 2026 жылғы 14 наурыздан бастап жүзеге асырылмасын.
  2. Осы шешім орындау үшін Көксу ауданының №243 учаскелік референдум комиссиясына және Жетісу облысының аумақтық референдум комиссиясына жіберілсін.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Көксу ауданы аумақтық референдум комиссиясы төрағасының орынбасарына жүктелсін.

 

            Төраға                                               Н. Байгабулов

             Хатшы                                               М. Жамбылқызы

Референдум учаскелерінің жұмысына қатысты кейбір мәселелер туралы
Дата публикации
15 марта 2026