«Дипломмен ауылға» жобасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Жоба аясында ауылдық жерлерге енген немесе бұрыннан тұрып келе жатқан мамандарға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға жеңілдетілген кредиттер беру және көтерме жәрдемақы төлеу көзделген. Жобаның негізгі мақсаты – ауылдық жерлерде кәсіби қызмет көрсететін азаматтарды қолдау, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және мемлекеттік қолдауды алу процесін жеңілдету. Өтінімдер otbasybank.kz порталында онлайн режимде қабылданады, ал қызмет көрсету мен қолдауды жеделдету үшін жоба цифрлық форматта іске асырылуда.
Желтоқсан айында 43 маманға жалпы сома 395 166,0 мың теңге көлемінде бюджеттік кредит төленді, кезекте тұрған мамандар саны 15. Көтерме жәрдемақы бойынша 6 өтінім және бюджеттік кредит бойынша 3 өтінім дәлелді бас тартумен қайтарылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру және қолжетімділік мақсатында мемлекеттік мекеме ғимаратында көрнекі ақпараты бар стенд (заң, стандарттар, өтініш үлгілері, шағымдар журналы) орналастырылған.
Қызмет бекітілген стандарт пен қағидаларға сәйкес 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V ҚР «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына сәйкес көрсетіледі.
Тұрақты негізде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. 2025 жылы аудандық «Нұрлы Көксу» газетінде шілде және қараша айларында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша мақалалар жарияланды. Мемлекеттік қызмет көрсету тақырыбына арналған қағаз түріндегі брошюра екі рет шығарылды және таратылды. Әлеуметтік парақшаларда бағдарлама бойынша мақалалар тұрақты түрде жарияланады. Ағымдағы жылдың 4 тоқсанында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы мәселелері бойынша бөлім тарапынан жеке қабылдауға 3 азаматты қабылданып, түсіндірмелі жұмыстар жүргізілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен уақтылығын одан әрі арттыру мәселелері тұрақты бақылауда, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдануда. Халыққа көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен сапасын жақсарту мақсатында 2026 жылы түсіндіру жұмыстары жалғастырылатын болады.
2025 жылдың 4 тоқсан ішінде «Көксу ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-не шағымдар түскен жоқ.