Нормативтік құқықтық актілерде қолданылатын терминдер мен сөз тіркестерінің
бірыңғай сөздігі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің
ақпараттық-құқықтық жүйесінде («adilet.zan.kz») әртүрлі қолданылып жүрген,
терминдік мәні ашылмаған, қазақша қате аударылған терминдер мен сөз тіркестерін
ретке келтіру, біріздендіру мақсатында әзірленді.
Бірыңғай сөздікте заң, экономика салалары мен ісқағазын жүргізуде
қолданылатын тер миндер мен сөз тіркестері қамтылды. Сөздік заң және экономика
саласының қызмет керлеріне, аудармашыларға, мемлекеттік қызметшілерге, ЖОО
білім алушылары мен оқытушыларына, зерттеушілерге, сондай-ақ жалпы оқырман
қауымға арналған.