«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 4 және 6-тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 1. «Көксу ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидатқа сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы» Көксу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17наурыздағы № 121 қаулысына (Алматы облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 наурызда № 3110 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- 2. «Көксу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
- 1. Осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
- 2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Көксу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
- 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Көксу ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
- 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.