Көксу ауданы, Балпық би ауылының аумағында ауылдық және ауыл маңындағы қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы

1

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

«Көксу ауданы, Балпық би ауылының аумағында ауылдық және ауыл маңындағы қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы» Көксу ауданы әкімдігі қаулысының  жобасы 

2

Әзірлеуші мемлекеттік орган

«Көксу ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ

3

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына және «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы   4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 2-тармағына сәйкес, Көксу аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсанындағы  «Балпық би ауылының аумағында ауылдық және ауыл маңындағы қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерін келісу туралы» № 52-207 шешімі

4

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Көксу ауданының Балпық ауылдық округіне қарасты және өзге де елді мекендеріндегі ауыл маңындағы қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеуді көздейді.

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Мақсаты: Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалына қолжетімді тарифтерді қамтамасыз ету, тасымалдаушылардың тұрақты жұмысын қолдау, халықтың көлік қолжетімділігін арттыру.

Күтілетін нәтиже: Қаулы күшіне енген сәттен бастап бекітілген тариф қолданылады, бұл аудан халқының көлік қолжетімділігін арттыруға оң әсерін тигізеді.

6

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар

Жобаны қабылдау әлеуметтік және/немесе экономикалық жағынан теріс салдарға әкелмейді және тұрақты жолаушылар тасымалына экономикалық тұрғыдан негізделген, әлеуметтік қолжетімді тарифтерді енгізуге мүмкіндік береді, бұл ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтың өмір сүру сапасына оң әсерін тигізеді.

 

Көксу ауданы, Балпық би ауылының аумағында ауылдық және ауыл маңындағы қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы
Дата публикации
21 января 2026