Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 31 және 37 баптары, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларының 6 - тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2026 жылдың І тоқсанынаАуылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері бойынша сұранысқа ие мамандықтардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін;
- Әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бекітілген тізімге сәйкес жүзеге асырылсын;
- «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері» бойынша сұранысқа ие мамандықтардың тізбесін бекіту туралы» 2025 жылғы 10қазандағы №391 қаулысы жойылды деп танылсын;
- Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е. Шалкибековке жүктелсін.
Аудан әкімі Д. Халелов