2025 жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету туралы есеп

        Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына (2025 жылғы 4 тамыздағы жаңартылған редакциясына) сәйкес, қазіргі уақытта көтерме жәрдемақы – 393,2 мың теңге (100 АЕК) мөлшерінде беріледі.

        2025 жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша барлығы 60 маманға көтерме жәрдемақы беру жоспарланып, жалпы сома 23 592,0 мың теңге көлемінде төленді (білім беру - 35 маман, денсаулық сақтау - 8 маман, әлеуметтік қамсыздандыру - 7 маман, мәдениет - 2 маман, спорт - 3 маман, агроөнеркәсіптік кешен - 1 маман, ауылдық округтердің мемлекеттік қызметшілері - 4 маман).

         37 маман жәрдемақы алуға өтінім беріп, қазіргі уақытта кезекте тұр. (білім беру - 11 маман, денсаулық сақтау - 13 маман, әлеуметтік қамсыздандыру - 5 маман, мәдениет - 1 маман, спорт - 1 маман, агроөнеркәсіптік кешен - 5 маман, ауылдық округтердің мемлекеттік қызметшілері - 1 маман).

        2025 жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша барлығы 44 маман бюджеттік несие алуға өтінім беріп, кезекке қойылды (білім беру - 19 маман, денсаулық сақтау - 12 маман, әлеуметтік қамсыздандыру - 3 маман, мәдениет - 1 маман, спорт - 3 маман, агроөнеркәсіптік кешен - 5 маман, ауылдық округтердің мемлекеттік қызметшілері - 1 маман).

        Қазіргі уақытта бюджеттік несие аудан орталығына - 9 830 мың теңге (2 500 АЕК), ал ауылдық округтерге - 7 864 мың теңге (2 000 АЕК) мөлшерінде беріледі. Несиенің мерзімі - 180 ай, пайыздық  мөлшерлемесі -1 пайыз, алғашқы жарна талап етілмейді.

         2025 жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша, көтерме жәрдемақы бойынша 38 өтінім және бюджеттік кредит бойынша 21 өтінім дәлелді бас тартумен қайтарылды.

№ п/п

Көксу ауданының экономика және қаржы бөлімі

01.01.2025ж. - 30.09.2025ж.

көрсетілген қызметтер саны

Қаралған өтінімдер және есепке қойылғандар

Кері қайтарылған

Барлығы

1

«Дипломмен ауылға» Көтерме жәрдемақы

97

38

135

2

«Дипломмен ауылға» Бюджеттік кредит

44

21

65

3

Барлығы:

141

59

200

Ескерту: Дипломмен ауылға бағдарламасы Отбасы банк АҚ Баспана маркет порталы арқылы жүзеге асады.

2025 жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету туралы есеп
Дата публикации
11 декабря 2025