Балпық би ауылының аумағында ауылдық және ауыл маңындағы қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерін келісу туралы

   

«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 19 бабының 5-тармағына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Балпық би ауылының аумағында ауылдық және ауыл маңындағы қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф келесі мөлшерде келісілсін:

      1) Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық төлеу жүйесі арқылы жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде - 100 (жүз) теңге;

      2) жол ақысын қолма-қол төлеу кезінде - 100 (жүз) теңге.

 

 

Көксу ауданы           

мәслихатының төрағасы                                                   Ж. Бейсенбай

Балпық би ауылының аумағында ауылдық және ауыл маңындағы қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерін келісу туралы
Дата публикации
07 ноября 2025