«Көксу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

    1. Жалпы ережелер
    2. «Көксу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесікәсіпкерлік саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
    3. 2.«Көксу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
    4. «Көксу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіөз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық  актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
    5. 4.«Көксу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемеұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар. 
    6. «Көксу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіазаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан  жасайды.
    7. «Көксу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіегер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
    8. 7.«Көксу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіөз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Көксу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
    9. 8. «Көксу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесініңқұрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
    10. 9.Заңды тұлғаның орналасқан жерi:041200, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Көксу ауданы, Балпық би, Мырзабекова көшесі, 38. 
    11. 10. Осы Ереже «Көксу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесініңқұрылтай құжаты болып табылады.
    12. 11.«Көксу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесініңқызметiн каржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
    13. 12. «Көксу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінекәсiпкерлiк субъектiлерiмен«Көксу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

    Егер «Көксу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

     

     

    1. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
    2. 13.Мақсаттары:

    1) кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;

    2) сауда саясатын жүргізуді қамтамасыз ету;

    3) туристік қызметінің үйлестіру жұмысын жүргізу.

    1. Өкілеттіктері:

    Құқықтары:

    1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпараттарды сұрату және алу;

    2) өзінің құзіреті шегінде шешімдер қабылдауға;

    3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға байланысты шараларға қатысуға және бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы міндетті нұсқамалар енгізуге құқылы;

    4) тексеру нысанасына жататын құжаттардың түпнұсқаларымен танысуға құқылы;

    5) жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру және оларға несие беру жөніндегі шараларды жетілдіру туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.

    Міндеттері:

    1. жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру;
    2. жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау;

    3) тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін объектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеу;

    4) профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету;

    5) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңестер өткізуге бастамашылық жасау;

    6) жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындау;

    7) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шаралар қолдануды қамтамасыз етеді.

    1. 15.Функциялары:

    1) жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік саясатын жүргізу;

    2) шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік шараларының орындалуын ұйымдастыру  және үйлестіру;

    3) өнеркәсіп саласына және  инвестициялық ахуалға талдау жүргізу;

    4) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының  бағасына өз  құзыреті шегінде мониторингті жүзеге асыруға қатысу;

    5) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамалық актілерінде белгіленген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға байланысты шараларды қамтамасыз ету;

    6) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерін бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы міндетті нұсқамалар енгізеді;

    7) әкімшіліқ құқық бұзушылық заңнамасы аясында хаттама толтыру және әкімшілік істерді жүргізу;

      8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;

     9) туризмді дамыту туралы ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны облыстың жергілікті атқарушы органына ұсынады;

    10) сарапшылық кеңестiң қызметiн ұйымдастыру;

    11) құпиялылық режимiнiң, қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында өз қызметі туралы ақпаратты орналастырады;

    12) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

     

    1. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
    2. 16. «Көксу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесібасшылықы жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
    3. 17. «Көксу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысынаудан әкіміқызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
    4. 18. «Көксу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесініңбiрiншi басшысының өкiлеттiгi:

    1) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін өз құзіреті шегінде анықтайды;

    2) бөлімнің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;

    3) бөлімнің қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;

    4) өз құзіреті шегінде бөлімнің қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады;

    5) мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарда өз құзіреті шегінде бөлімнің мүддесін білдіреді;

    6) бөлімнің мүлігімен, қаржы қаражатын басқарады, қаржылық құжаттарға қол қояды;

    7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    «Көксу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

                                                                                                                                                                                                                                                                

    1. Мемлекеттік органныңмүлкi
    2. 19. «Көксу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесізаңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуымүмкiн.

    «Көксу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

    1. 20.«Көксу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесініңбекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
    2. 21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе,«Көксу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі,өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

     

    1. 5. Мемлекеттік органдықайта ұйымдастыру және тарату
    2. 22. «Көксу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінқайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Көксу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Дата публикации
07 ноября 2025