Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №
72 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 9 желтоқсанда № 9946 тіркелді.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің
орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 05.08.2024 № 63 (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 3-1)
тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.06.2023
№ 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.09.2020
№ 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-1. Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшері:
ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;
ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада айқындалсын.
Ескерту. Бұйрық 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 05.08.2024 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 05.08.2024 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Министр Е. Досаев