Көксу ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының (Салық кодексі) Кодексінің 726-бабына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Көксу ауданындатөлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеуді оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимінің пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемесі салық салық салу объектісіне 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға дейін төмендетілсін.
  2. 2. «Көксу ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Көксу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27наурыздағы № 20-82 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 185-19 болып тіркелген) шешімінің күші осы шешім күшіне енген күннен бастап жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Көксу ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
Дата публикации
31 октября 2025