Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев 2025 жылғы 30 қазан сағат 10:00-де Көксу ауданы әкімдігі ғимаратының (мекенжайы: Балпық би ауылы, Мырзабеков көшесі, 40) 1-қабатында аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдайды.
Қабылдауға облыс әкімі аппаратының азаматтар өтініштерінің қаралуын бақылау бөліміне 8 (7282) 40-25-06 телефон нөмірі арқылы алдын ала жазыла аласыздар.
Сондай-ақ сағат 11:00-де өңір басшысы Көксу аудандық мәдениет үйі ғимаратының (мекенжайы: Балпық би ауылы, Мырзабеков көшесі, 14) 2-қабатында аудан тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Облыс әкімінің халықпен кездесуінің тікелей көрсетілімі облыс әкімдігінің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «jetisu_akimdigi» парақшасында сілтемесі бойынша жүргізіледі.