«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- «Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын (бұдан әрі – Стандарт)осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- «Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Л. Газизова:
1) осы Стандартты Әкімдіктің ресми интернет-ресурсында жарияласын;
2) осы бұйрықтының қосымшасындағы Стандартпен Бөлім қызметкерлері таныстырылсын.
- 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
Бөлім басшысы А. Шаяхметова