Көксу ауданы Балпық ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша округін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының               4-тармағына, 22-бабына сәйкес Көксу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Көксуауданының Балпық ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі құрылсын:

          1) Балпық ауылдық округі әкімінің сайлауы – Балпық сайлау округі Балпық ауылдық округі шекараларында.

  1. 2. Сайлау округінің тізімі, олардың шекералары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Көксуаудандық сайлау комиссиясының интернет- парақшасында және бұқаралық ақпарат құралдарына жариялансын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы М.Жамбылқызына жүктелсін.

 

 

          Төрағасы                                                           Н. Байгабулов

 

          Хатшы                                                               М. Жамбылқызы

Көксу ауданы Балпық ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша округін құру туралы
Дата публикации
15 октября 2025