Көксу ауданының Балпық ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1 бабы 3 тармағына сәйкес, Көксу аудандық  аумақтық  сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Көксу ауданының Балпық ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылдың 23 қарашаға тағайындалсын.
  2. Көксу ауданының Балпық ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы Көксу аудандық аумақтық  сайлау комиссиясының интернет-парақшасына және бұқаралық ақпарат құралдарына жариялансын. 
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы М. Жамбылқызына жүктелсін.

                                                  

         

                  Төраға                           Н. Байгабулов

         

                  Хатшы                        М. Жамбылқызы

Көксу ауданының Балпық ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
Дата публикации
15 октября 2025