Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-1) тармақшасына, 35-бабы 1-тармағының 12-10) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 2 маусымдағы №386 «Жазаның осы түріне сотталған адамдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастыру Қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №15311 болып тіркелген) бұйрығы, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 914-1-бабына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексінің 57-бабы 2 тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі әкімшілік жазаға тартылған тұлғалар үшін белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды ұйымдастырады.
Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Қаулының жобасы «Ашық НҚА» бөлімінде, сондай-ақ Көксу ауданының әкімдігінің ресми сайтында орналастырылған.