Жетісу облысы Көксу ауданының Мұқыр және Мұсабек ауылдық округтерінің сайланған әкімдерін тіркеу туралы хабарлама

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына және 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, 2025 жылғы             31 тамызында өткен Мұқыры және Мұсабек ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Көксу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төмендегі әкімдерді тіркеу туралы шешім қабылдады:

  • Жумагулов Жандос Елтаевич – Жетісу облысы Көксу ауданы Мұқыр ауылдық округінің әкімі болып тіркелді,1986 жылы туған, «Мұқыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі, Мұқыр ауылында тұрады;

 

  • Тантыбай Ербол Жоламанович – Жетісу облысы Көксу ауданы Мұсабек ауылдық округінің әкімі болып тіркелді,1971 жылы туған, «Мұсабек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі,Мұсабек ауылында тұрады.
Жетісу облысы Көксу ауданының Мұқыр және Мұсабек ауылдық округтерінің сайланған әкімдерін тіркеу туралы хабарлама
Дата публикации
03 сентября 2025