2025 жылғы 31 тамыз Жетісу облысы Көксу ауданының Мұқыры және Мұсабек ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау өтті.
Көксу аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына және 113-10-бабына сәйкес, Көксу ауданының Мұқыры, Мұсабек және Қабылиса ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Мұқыры ауылдық округі
Сайлаушылар тізіміне енгізілгендер – 1625 азамат.
Дауыс бергендер – 1159.
Жарамсыз бюллетеньдер саны – 26.
«Барлығына қарсы» белгісі қойылған бюллетеньдер – 42.
Әр кандидатқа берілген дауыстар саны:
Мұқыры ауылдық округінің әкімі болып сайланған
Жумагулов Жандос Елтайұлы, 1986 жылы туған, Мұқыры ауылдық округінің әкімі, Мұқыры ауылында тұрады, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.
Мұсабек ауылдық округі
Сайлаушылар тізіміне енгізілгендер – 778 азамат.
Дауыс бергендер – 620.
Жарамсыз бюллетеньдер – 13.
«Барлығына қарсы» белгісі қойылған – 13.
Кандидаттарға берілген дауыстар:
Мұсабек ауылдық округінің әкімі болып сайланған
Тантыбай Ербол Жоламанұлы, 1971 жылы туған, Мұсабек ауылдық округінің әкімі, Мұсабек ауылында тұрады, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.