Жария талқылаудан кейін 2026 жылға арналған іске асырылуы жоспарланып отырған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобалары және (немесе) әлеуметтік бағдарламалары туралы ақпарат

Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты қалыптастыру,
оның іске асырылу
мониторингі және нәтижелерін
бағалау қағидаларына
3-қосымша

 

Жария талқылаудан кейін 2026 жылға арналған іске асырылуы жоспарланып отырған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобалары және (немесе) әлеуметтік бағдарламалары туралы ақпарат

 

№

Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы

Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның атауы

Жоспарланған сомасы

Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның қысқаша мазмұны

 

9-сала. Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау

1

«Көксу ауданының ішкі саясат , мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ

Көксу ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған іс шараларды ұйымдастыру және өткізу.

2 000 000

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – қоғамда әділеттілік пен ашықтықты насихаттау.

Халықты ақпараттандыру – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның зиянды әсерлерін түсіндіру.

Жергілікті деңгейде шаралар ұйымдастыру – нақты іс-шаралар арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету.

20-сала. Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әлеуметтік маңызы бар салалар бойынша

2

«Көксу ауданының ішкі саясат , мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша халықтың діни сауаттылығын арттыруға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу.

1000000

Діни сауаттылықты арттыру – тұрғындарға дін туралы дұрыс және объективті ақпарат беру арқылы экстремистік идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру.

Экстремизмнің алдын алу – радикалдық ағымдардың таралуына жол бермеу үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету – діни төзімділікті насихаттау арқылы қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтау.

 

БАРЛЫҒЫ

 

3000 000

 

Қосымша

2-сала. Азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау       

3

«Көксу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ

Халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау жобасы.

1 000 000

Көксу ауданында халықтың салауатты өмір салты мен белсенді ұзақ өмір сүру деңгейі төмен. Бұл созылмалы аурулардың өсуіне және өмір сүру ұзақтығының қысқаруына әкеледі. Жоба дұрыс тамақтануды, физикалық белсенділікті және рухани дамуды қалыптастыруға бағытталған.

6-сала. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау                                                             

4

«Көксу ауданының ішкі саясат , мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ

Шексіз әлем

1 820 000

ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Көптеген мүгедек жандар денсаулығына байланысты толық орта білім немесе жоғары білім ала алмағандықтан, қоғамға бейімделуде қиындық көреді. Интернет пен электрондық қызметтерді меңгеру олардың әлеуметтік интеграциясына, табыс табуына және қажетті мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуына мүмкіндік береді.

11-сала. Тарихи-мәдени мұраны қорғау

 

5

«Көксу ауданының ішкі саясат , мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ

«Мұрагер: Тарихи-мәдени мұраны сақтау» әлеуметтік жобасы

5 000 000

Көксу ауданы Жетісу облысы – бірегей археологиялық, тарихи және мәдени мұраға бай аймақ. Мұнда Мүкір шатқалы петроглифтері, Дүнгене қалашығы, сақ қорғандары, көне тұрақтар мен қасиетті орындар орналасқан. Көптеген нысандар қола, темір дәуірі және орта ғасырға жатады. Қазіргі таңда ақпараттың, көрсеткіштердің, инфрақұрылымның және жүйелі қорғау мен насихат жұмыстарының болмауы ескерткіштердің жойылу қаупін тудырып отыр.

 

Барлығы:

7 820 000

 

 

Жария талқылаудан кейін 2026 жылға арналған іске асырылуы жоспарланып отырған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобалары және (немесе) әлеуметтік бағдарламалары туралы ақпарат
Дата публикации
13 августа 2025