Көксу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің 2026 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат

Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты қалыптастыру,
оның іске асырылу
мониторингі және нәтижелерін
бағалау қағидаларына
1-қосымша

 

Көксу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің

2026 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат

 

№

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы

Қаржыландырудың жоспарланған көлемі

Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме

Халықтың нысаналы тобы

Күтілетін нәтиже

1.       

Көксу ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу

2000000

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы және өңірлік бағдарламалар негізінде.

Көксу ауданының тұрғындары, жастар, оқушылар, мемлекеттік қызметкерлер, ҮЕҰ өкілдері

10-нан кем емес іс-шара: дебат, брейн-ринг, сурет байқауы, «Парасатты отбасы» байқауы, бюджеттің жұмсалуына мониторинг бойынша семинарлар
- 4 бейнеролик (2 қазақ, 2 орыс тілінде)
- 3 подкаст/интервью
- 500 дана ақпараттық материалдар (А3, А4, А5)
- 2 кездесу құзырлы орган өкілімен
- 4 билборд (3х6) орнату
- Қоғамда парасаттылықты насихаттау, заңға құрметпен қарау, сенімді арттыру

2.       

Аудан тұрғындарының діни сауаттылығын арттыруға бағытталған кешенді іс-шараларды өткізу

1000000

ҚР Діни экстремизм мен терроризмге қарсы мемлекеттік бағдарламасы аясында.

Жастар, оқушылар, мұғалімдер, ауыл тұрғындары

 10-нан кем емес іс-шара (семинар, кездесу, дөңгелек үстел, дебат т.б.)
- Қазақ және орыс тілінде 2 бейнеролик (60 сек кем емес)
- 500 дана (250 қазақ, 250 орыс тілінде) ақпараттық парақшалар, баннерлер
- Әлеуметтік желі мен БАҚ-та ақпараттық жариялау
- Халықтың діни сауаттылығын арттыру, деструктивті ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру

3.       

«Мұрагер: Тарихи-мәдени мұраны сақтау» әлеуметтік жобасы

5 000 000

Көксу ауданы Жетісу облысы – бірегей археологиялық, тарихи және мәдени мұраға бай аймақ. Мұнда Мүкір шатқалы петроглифтері, Дүнгене қалашығы, сақ қорғандары, көне тұрақтар мен қасиетті орындар орналасқан. Көптеген нысандар қола, темір дәуірі және орта ғасырға жатады. Қазіргі таңда ақпараттың, көрсеткіштердің, инфрақұрылымның және жүйелі қорғау мен насихат жұмыстарының болмауы ескерткіштердің жойылу қаупін тудырып отыр.

 мектеп және колледж оқушылары, мұғалімдер, еріктілер,ҮЕҰ. Аудан тұрғындары, туристер.

- 500 дана туристік карта дайындау және шығару;

- 10 ауылдық округте жаңа тарихи-мәдени нысандарды зерттеу;

- 5 экскурсиялық-танымдық тур өткізу;

- 10 мектепте дөңгелек үстелдер ұйымдастыру;

- Мәдени нысандар туралы бейнеролик шығару;

- БАҚ-та 5 материал жариялау;

- 1500 дана ақпараттық буклет пен флаер тарату;

- 5 жаңа туристік маршрут әзірлеу және мемлекеттік тізімге енгізу

4.       



Халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау жобасы

1000000

Көксу ауданында халықтың салауатты өмір салты мен белсенді ұзақ өмір сүру деңгейі төмен. Бұл созылмалы аурулардың өсуіне және өмір сүру ұзақтығының қысқаруына әкеледі. Жоба дұрыс тамақтануды, физикалық белсенділікті және рухани дамуды қалыптастыруға бағытталған.

әртүрлі жастағы аудан тұрғындары

Әлеуметтік сауалнама (120 адам)
- 5 спорттық-танымдық іс-шара
Әлеуметтік желілерде жарияланымдар (Facebook, Instagram, Telegram, WhatsApp)
- Қоғамда салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың белсенділігін арттыру
- Жобаның тұрақтылығы — аудандық спорт бөлімі арқылы жалғасады

5.       

 Шексіз әлем

1 820 000

ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Көптеген мүгедек жандар денсаулығына байланысты толық орта білім немесе жоғары білім ала алмағандықтан, қоғамға бейімделуде қиындық көреді. Интернет пен электрондық қызметтерді меңгеру олардың әлеуметтік интеграциясына, табыс табуына және қажетті мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуына мүмкіндік береді.

Мүмкіндігі шектеулі жандар және жеткіншек-жас мүгедектер (14–29 жас) – 100 адам, Жетісу облысы, Көксу ауданы, Мәмбет ауылы.

- «Электрондық қызметтің қолжетімділігі» тақырыбында семинар өткізу;
- «ҚОЛ ЖЕТІМДІ ҚЫЗМЕТТІ АЛУДЫ ҮЙРЕНЕМІЗ» екі күндік оқыту курсы;
- «Электронды қызметтер – қолжетімді!» әлеуметтік клубын ашу;
- Интернетке қолжетімділік пен компьютерлік сауаттылықты арттыру;
- Egov.kz және мобильді қосымшалар арқылы қызметтерді алу дағдыларын қалыптастыру;
- Жеке бизнесті бастау және шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік беру;
- БАҚ-та мақалалар жариялау, ақпараттық кампания өткізу.

 

Көксу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің 2026 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат
Дата публикации
07 августа 2025