Көксу ауданы әкімі аппаратының лауазымды адамдарынын жеке тұлғаларды және занды тұлғалардын өкілдерін жеке қабылдауынын регламенті

 

Көксу ауданы әкімі аппаратының лауазымды адамдарынын жеке тұлғаларды және занды тұлғалардын өкілдерін

жеке қабылдауынын регламенті

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Көксу ауданы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламенті (бұдан әрі Регламент) Қазакстан Республикасы Үкіметінің «Орталық мемлекеттік органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардын, астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламентін бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және Көксу ауданы әкімі аппаратының (бұдан әрі аудан әкімінің аппараты) лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және занды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау тәртібін реттейді.
  2. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды (бұдан әрі - қабылдау) мына лауазымды және өзге де адамдар:

1) аудан әкімі және оның орынбасарлары;

2) аудан әкімі аппаратының басшысы;

3) аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары;

4) қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті аудан әкімі аппаратының өзге де қызметкерлері жүзеге асырады;

2-1. Азаматтарды қабылдау бөлмесінде мемлекеттік органдардың регламенттерінде белгіленген тәртіппен орталық мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардын өкілдерін қабылдау жүзеге асырылады.

  1. Аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті аудан әкімі аппаратының өзге де қызметкерлері аталған лауазымды тұлғалар қабылдауға келіскен жағдайда жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін Азаматтық кодекстің 167 бабына сәйкес бiр адамның (сенім бiлдiрушiнiң) өз атынан өкiлдiк ету үшiн екiншi адамға (сенім бiлдiрген) нотариалды берген жазбаша сенімхаты негізінде жеке қабылдау өткізіледі.

2-тарау. Көксу ауданы әкімі аппаратында жеке тұлғаларды және занды тұлғалардың өкілдерін қабылдау тәртібі

  1. Қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер күн сайын жұмыс күндері жұмыс уақытында ауызша, немесе электронды түрде жеке қабылдауға кіру туралы өтініш негізінде жазылу жүргізіледі.
  2. Мәселенің мәні баяндалмаған жеке қабылдау туралы жолданым қаралмайды, бұл туралы арыз иесіне хабарланады.
  3. Жолданымды қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады. Егер жеке қабылдау туралы өтініші бар жолданым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі Кодекс) 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, ол туралы арыз иесіне көрсетіледі және оны Кодекстің талаптарымен сәйкес келтіру үшін ақылға қонымды мерзім белгіленеді.

Белгіленген мерзімде Кодекстің талаптарына сәйкес келтірілмеген жеке қабылдау туралы өтініші бар жолданым қайтарылуға жатады.

  1. Көксу ауданының әкімі азаматтарды жеке қабылдауды «Әкімдердін халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылдың 20 қарашадағы №399 Жарлығына сәйкес халықпен кездесулер өткізгеннен кейін де жүргізеді.

7-1. Азаматтарды қабылдау бөлмесінде Көксу ауданы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және занды тұлғалардын өкілдерін жеке қабылдауының регламентіндегі қосымшасына сәйкес нысан бойынша аудан әкімімен бекіткен кестеге сәйкес қабылдайды.

  1. Аудан әкімінің орынбасарларының қабылдауы аудан әкімінің тиісті тапсырмасы бойынша бекітілген кестеден тыс қабылдауды өткізу күні көрсетіле отырып жүзеге асырылуы мүмкін.
  2. Қабылдаудың алдында жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі (бұдан әрі - арыз иесі) өзінің жеке басын куәландыратын құжатты, ал басқа тұлғалардың атынан жүгінген кезде олардың мүдделерін білдіру өкілеттігін растайтын құжаттарды көрсетеді.
  3. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға

және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік кұкыктык актілеріне сәйкес жүргізіледі.

Қажет болған жағдайда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау аудармашының қатысуымен жүргізіледі.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қабылдауда берген жолданымдары, егер Қазакстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда оларды қараудың өзгеше қағидалары көзделмесе, Қазакстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен каралады.

  1. Қабылдау жүгіну кезегі тәртібімен жүргізіледі. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, еңбек ардагерлері, мүгедектігі бар адамдар, жүкті әйелдер, «Алтын Қыран», «Халық қаһарманы», «Қазакстанның Еңбек Ері» ордендерімен марапатталған адамдар кезектен тыс қабылданады.
  2. Арыз иесінің келісімімен аудан әкімінің және оның орынбасарларының қабылдауы бейнеконференц байланыс арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
  3. Пандемиямен немесе жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты басқа да жағдайларға орай шектеу шаралары енгізілген жағдайда қабылдау бейнеконференц байланыс арқылы ғана жүзеге асырылады.
  4. Қабылдауға жазылу мына жағдайларда:

1) жергілікті атқарушы органдардын құзыретіне кірмейтін мәселелер болса;

2) әкімшілік органның, лауазымды адамның жолданымда көрсетілген сол нысана туралы және сол негіздер бойынша әкімшілік рәсімге қатысушыға қатысты әкімшілік іс бойынша шешімі бар болса;

3) сол нысана туралы және сол негіздер бойынша сол адамға қатысты шығарылған заңды күшіне енген сот актісі бар болса;

4) әкімшілік орган, лауазымды адам жолданымды қайтарса;

5) әкімшілік орган, лауазымды адам арыз иесінен жолданымды кері қайтарып алуды қабылдаса, жүзеге асырылмайды.

  1. Уакытша еңбекке жарамсыздық, қызметтік іссапар және баска да жағдайлардын себебі бойынша қабылдау жүргізу мүмкін болмаған жағдайда қабылдаушы адам қабылдауға жауапты қызметкерді жеке қабылдау өткізілгенге дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей немесе қабылдау өткізілетін күн хабардар етеді.
  2. Азаматтарды қабылдау бөлмесінде және аудан әкімі аппаратының тиісті қызметкерлері қабылдау өткізген кезде, егер көтерілетін мәселе басқа да мүдделі органдар өкілдерінің құзыретіне қатысты болса, олардың қатысуы қамтамасыз етіледі.
  3. Баска мүдделі органдар өкілдерінің қабылдауға қатысуы туралы сұрау салу жіберілгеннен кейін, арыз иесі 2 (екі) жұмыс күні ішінде жіберілген сұрау салу туралы және қажет болған жағдайда қабылдауға жазылу туралы жолданымды қараудың ұзартылғаны туралы хабардар етіледі.
  4. Қабылдау арыз иесінің қалауы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.
  5. Қабылдау нәтижелері жолданым немесе тапсырмалар бойынша қабылдау барысында қабылданған шешімді көрсете отырып, оларды орындаудың нақты мерзімдері көрсетіліп хаттамаланады. Хаттамалық тапсырмалар жолданымдарга қоса тіркеледі.

 

3-тарау. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау мәселелері жөніндегі жолданымдарды тіркеу және қарау тәртібі

  1. Қабылдауға жазылу туралы келіп түскен барлық жолданымдарды қоғамдық қабылдау бөлмесінің және азаматтарды қабылдау орталығының қызметкерлері электрондық құжат айналымы жүйесінде не «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесінде олар келіп түскен күні тіркейді және жолданымдардын қаралуына бақылауды жүзеге асыратын жауапты қызметкерге (бұдан әрі жауапты қызметкер) алдын ала қарау үшін жібереді. Егер өтініш жұмыс істемейтін күні келіп түссе, онда ол одан кейінгі келесі жұмыс күні тіркеледі.
  2. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жауапты қызметкері бекітілген қабылдау кестесіне тізімдерді кезектілік тәртібімен бөледі.
  3. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жауапты қызметкері жолданым тіркелген кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде арыз иесіне қабылдау уақыты мен күні көрсетілген жауапты жолдайды.
  4. Е-Өтініш платформасы арқылы жеке қабылдаға жазылып, алайда қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей арыз иесіне тыңдау рәсімін жүргізу үшін бас тарту туралы алдын ала шешім жобасы жіберіледі.

Қабылдаудан бас тартылған жағдайда тыңдау рәсімі Кодекстің 73-бабының бірінші бөлігінде көзделген тәсілдермен жүзеге асырылуы мүмкін.

  1. Тындау рәсімін ұйымдастыру және өткізу тәртібі Кодекстің 66, 73 және 74-баптарынын талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады

 

4-тарау. Қабылдау қорытындысы бойынша тапсырмалардын орындалуына бақылауды жүзеге асыру

  1. Қабылдау қорытындысы бойынша дайындалған хаттамалық тапсырмаларды бақылауды жолданымдардың орындалуына бақылауды қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкерлері жүзеге асырады.
  2. Арыз иесіне түпкілікті уәжді жауап қабылдаудан келіп түскен жолданымды бакылаудан алу үшін негіз болып табылады.
  3. Қабылдау барысында арыз иесі берген жолданымдар «жеке қабылдаудан» деген белгі койылып, электрондық құжат айналымы жүйесінде немесе «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесінде тіркеледі.
  4. Қабылдаудан түскен жолданымды бұған дейін қараған қызметкерге тапсыруға жол берілмейді.
  5. Жолданымдардың орындалуына бакылауды жүзеге асыратын құрылымдык бөлімше баска мүдделі құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп, мыналарды:

 1) өткізілетін қабылдаулар шеңберінде аудан әкімінің және оның орынбасарларының жұмысын ақпараттық-талдамалық сүйемелдеуді;

2) қабылдауға тартылған жауапты лауазымды адамдардың, оның ішінде басқа да мүдделі органдардың жауапты лауазымды адамдарының қатысуын;

3) арыз несімен кері байланысты (қажеттілікке карай);

  1. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкерлері тұрақты негізде әр айдың соңында жеке қабылдауға кірген азаматтардың сұрақтарына оң шешімі табылғандығы, түсініктеме берілгендігі, жұмыстар жүргізілгендігі туралы маниторинг жүргізіліп отырады.

 

       5-тарау. Мемлекеттік органда тәртіп бұзу бойынша өтініш иелеріне түсіндіру.

Азаматты жеке қабылдау кезінде өз мінез құлқымен қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс. Дауыс көтеру, айғайлау қорқыту, балағат сөздер айту-бұл әкімшілік құқық бұзушылық болып саналатыны туралы түсіндіру.

(Қазақстан Республикасының ӘҚБтК 434-бабы ұсақ бұзақылық).

Егер қорқыту болса қылмыстық жауапкершілік (ҚР ҚК 115 бабы қорқыту).

Мемлекеттік қызметткерді видео түсіру.

Жалпы ереже: Мемлекеттік органдарда азаматтардың жеке қабылдау барысында өз сөздерін, арыздарын, талаптарын жазып алуға құқығы бар. Алайда, егер түсіру жұмыс тәртібінде, қабылдаудың регламентіне кедергі келтірсе, басқа тұлғалардың жеке деректері түссе немесе құжат айналымына қатысты құпия ақпаратқа қол жеткізсе-онда бұл шектелуі мүмін. Қазақстан Республикасының  «Ақпаратқа қол жеткізу» туралы заңы, «дербес деректер және оларды  қорғау» туралы заңы қолданылады.  Егер тек өз сұрағы бойынша  бейнетүсірілім жүргізіп, құқық бұзған жағдайда рұқсат етіледі.

Егер әдейі арандатушылық, тәртіп бұзу , қорлау мақсатында немесе басқаадамдардың жеке мәліметтерімен бірге түсіріп жатса-мемлекеттік орган өкілі түсірілімді тоқтатуды талап етуге құқылы.

Интернетке жариялау:

Азамат мемлекеттік  қызметтерді жұмыс бабында түсірген видеосын интернетке жүктей алады. Егер ол қызметтік іс-әрекетке қатысты ашық ақпарат болса. Бірақ жалған мәлімет таратуға, қорлау немесебеделге нұқсан келтіетін сөздер қосуға болмайды. Егер видеода ар-намысқа тиетін сөздер қосуға болмайды. Егер жалған ақпарат болса мемлекеттік қызметкер сотқа талап қоюға құқылы. (Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексінің 14 бабы, ар-намысқа қадір қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы).

 

Көксу ауданы әкімі аппаратының лауазымды адамдарынын жеке тұлғаларды және занды тұлғалардын өкілдерін жеке қабылдауынын регламенті
Дата публикации
06 августа 2025