«Жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (немесе ауданішілік) автомобиль көлігімен
тасымалдау маршруттарын қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу туралы хабарландыру»
- «Көксу ауданы әкімінің аппараты» ММ жолаушылар мен багажды тұрақты (ауылдық) автомобиль көлігімен тасымалдау маршруттарын қызмет көрсету құқығына конкурс өткізілетінін хабарлайды. Конкурс 2025 жылғы 25 тамыз күні сағат 15:00-де келесі мекенжайда өткізіледі: Балпық би ауылы, Мырзабеков көшесі, №40, Көксу ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залы.
- Конкурсқа келесі маршруттар қойылады:
- ЛОТ № 1
№1 маршрут: Тазабұлақ көшесі (Балпық би ауылы, Көксу ауданы) – Жұмабек көшесі (Балпық би ауылы, Көксу ауданы)
№2 маршрут: Күлболдинов көшесі (Теректі ауылы, Көксу ауданы) – Измайлов көшесі (Балпық би ауылы, Көксу ауданы)
- Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
- Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Көксу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-не конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Балпық би ауылы, Мырзабеков көшесі, №38, кабинет мекенжайы бойынша ұсынуы тиiс.
- Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2025 жылғы 11 тамыз сағат 15.00.
- 2025 жылғы 30 шілде сағат 11.00-де конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.
- Анықтама алу үшiн телефон: +7 705 675 90 63, электрондық пошта: erbadamys@gmail.com