Көксу ауданының елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы

Көксу ауданының елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы

 

         Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 529-бабының 6-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Көксу ауданының елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. «Көксу ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялансын;

2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Көксу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекші ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі                                                                Д.Халелов

Көксу ауданының елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы
Дата публикации
25 июля 2025