Көксу ауданы Мұқыры және Мұсабек ауылдық округтерінің
әкімдерін сайлау бойынша округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Көксу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Көксу ауданының Мұқыры ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі құрылсын:
- Мұқыры ауылдық округі әкімінің сайлауы – Мұқыры сайлау округі Мұқыры ауылдық округі шекараларында.
- Көксу ауданының Мұсабек ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі құрылсын:
- Мұсабек ауылдық округі әкімінің сайлауы – Мұсабек сайлау округі Мұсабек ауылдық округі шекараларында.
- Сайлау округтерінің тізімі, олардың шекералары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып Көксу аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және бұқаралық ақпарат құралдарына жариялансын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы М.Жамбылқызына жүктелсін.
Төрағасы Н.Байгабулов
Хатшы М.Жамбылқызы