Көксу ауданының Мұқыры және Мұсабек ауылдық
округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау және сайлауды
әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Көксу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Көксу ауданының Мұқыры және Мұсабек ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2025 жылғы 31 тамызына тағайындалсын.
- Көксу ауданының Мұқыры және Мұсабек ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы Көксу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасына және аудандық «Нұрлы Көксу» газетінде жариялансын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы М.Жамбылқызына жүктелсін.
Төраға Н. Байгабулов
Хатшы М. Жамбылқызы