Жоба
Көксу ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 19 мамырдағы
«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық
жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар
лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» №193 қаулысының
күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» № 480-V ҚРЗ Заңының 27- бабының 9-тармағына сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Көксу ауданы әкімдігінің Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» 2025 жылғы 19 мамырдағы №193 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу нөмірі№210479, Әділет органдарында НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі 312-19 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Д.Халелов