Жетісу облысы Көксу ауданы Айнабұлак, Жарлыөзек және Қабылиса ауылдық округтері әкімдерінің сайлау қорытындылары бойынша тіркеу туралы Хабарлама

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14‑бабының 9) тармақшасына, 45‑бабына және 113‑11‑бабының 1‑тармағына сәйкес, 2025 жылғы 13 шілдеде өткен Айнабұлақ, Жарлыөзек және Қабылиса ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Көксу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төмендегі әкімдерді тіркеу туралы шешім қабылдады:

  • Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі — Базилов Маулен Сайлаубаевич, 1966 жылы туған, Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі, Айнабұлақ бекетінде тұрады;

  • Жарлыөзек ауылдық округінің әкімі — Ихсанов Самат Танатарович, 1971 жылы туған, Жарлыөзек ауылдық округінің әкімі, Жарлыөзек ауылында тұрады;

  • Қабылиса ауылдық округінің әкімі — Бейсенов Еркин Аманбаевич, 1970 жылы туған, Қабылиса ауылдық округінің әкімі, Ақтекше ауылында тұрады.

Жетісу облысы Көксу ауданы Айнабұлак, Жарлыөзек және Қабылиса ауылдық округтері әкімдерінің сайлау қорытындылары бойынша тіркеу туралы Хабарлама
Дата публикации
14 июля 2025