2025 жылғы 13 шілдеде Жетісу облысы Көксу ауданының Айнабұлақ, Жарлыөзек және Қабылиса ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау өтті.
Көксу аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына және 113-10-бабына сәйкес, Көксу ауданының Айнабұлақ, Жарлыөзек және Қабылиса ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Айнабұлақ ауылдық округі
Сайлаушылар тізіміне енгізілгендер – 573 азамат.
Дауыс бергендер – 487.
Жарамсыз бюллетеньдер саны – 23.
«Барлығына қарсы» белгісі қойылған бюллетеньдер – 31.
Әр кандидатқа берілген дауыстар саны:
Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі болып сайланған
Базилов Мәулен Сайлаубайұлы, 1966 жылы туған, Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі, Айнабұлақ ауылында тұрады, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.
Жарлыөзек ауылдық округі
Сайлаушылар тізіміне енгізілгендер – 1407 азамат.
Дауыс бергендер – 1097.
Жарамсыз бюллетеньдер – 52.
«Барлығына қарсы» белгісі қойылған – 75.
Кандидаттарға берілген дауыстар:
Жарлыөзек ауылдық округінің әкімі болып сайланған
Ихсанов Самат Танатарұлы, 1971 жылы туған, Жарлыөзек ауылдық округінің әкімі, Жарлыөзек ауылында тұрады, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.
Қабылиса ауылдық округі
Сайлаушылар тізіміне енгізілгендер – 576 азамат.
Дауыс бергендер – 478.
Жарамсыз бюллетеньдер – 10.
«Барлығына қарсы» белгісі қойылған – 16.
Кандидаттарға берілген дауыстар:
Қабылиса ауылдық округінің әкімі болып сайланған
Бейсенов Еркін Аманбайұлы, 1970 жылы туған, Қабылиса ауылдық округінің әкімі, Ақтекше ауылында тұрады, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.