Сообщаем вам, что до 1 июля 2025 года будут приниматься заявки от претендентов, желающих принять участие в конкурсе «Еңбек Жолы»

Құрметті Жетісу облысының кәсіпорындары мен кәсіпкерлері!

 

Сіздерге 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін «Еңбек Жолы» байқауына қатысуға ниетті үміткерлерден өтінімдер қабылданатынын хабарлаймыз.

Конкурстың өңірлік кезеңіне мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, салаға қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдар негізінде конкурс жеңімпаздарын анықтау жөніндегі өңірлік комиссиялар мынадай номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтайды:

1) Үздік еңбек әулеті – бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады.

Еңбек әулеті – бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кәсіпорында жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл болатын бір ұйымның жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі әулеттің басшысы болып танылады.

Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс;

2) Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері – бұл номинацияда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады.

3) Өндірістің үздік жас маманы – бұл номинацияда жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;

Конкурсқа қатысушылар "Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ екі данада қағаз және электрондық жеткізгіштерде келесі материалдарды ұсынады:

  1. номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
  2. жеке куәліктің көшірмесін;
  3. номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан артық бейнероликті (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);
  4. конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1 минуттан аспайтын компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);
  5. еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері (жұмыс орнынан анықтама);
  6. жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыным хат.

Бар болған жағдайда (келесі құжаттардың көшірмелері):

мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері

біліктілікті арттыру туралы сертификаттар (бар болса).

Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады

Конкурсқа құжаттар 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады және obltrudzhetysu@zhetysu.gov.kz электрондық мекен-жайына жолдауыңызға болады.

Қосымша сұрақтар бойынша 8/7282/329261 немесе 8771 457 11 95 байланыс нөмірлері арқылы біле аласыздар.

 

 Үміткерлерге сәттілік тілейміз!

 

 

 

 

 

Уважаемые предприятия и предприниматели oбласти Жетісу!

 

Сообщаем вам, до 1 июля 2025 года проводится прием заявок от кандидатов, желающих участвовать в конкурсе «Еңбек Жолы».

В региональном этапе конкурса могут принять участие все работники предприятий, за исключением государственных служащих, независимо от отрасли.

По материалам, представленным участниками конкурса, региональные комиссии определяют победителей в следующих номинациях:

1) Лучшая трудовая династия – в этой номинации выбирается семья с самым большим трудовым стажем и наибольшим количеством наград. Трудовая династия – это группа работников одной организации, состоящая из двух и более поколений близких родственников одной семьи (муж и жена или оба родителя с детьми или внуками), которые в настоящее время осуществляют трудовую деятельность в этой организации и имеют общий трудовой стаж не менее 20 лет.

Представитель трудовой династии, который первым начал трудовую деятельность, признается главой семейства.Трудовое семейство должно активно участвовать в общественной жизни села, района (города, области), помогать молодежи в профессиональном ориентировании, пропагандировать свою профессию;

2) Лучший наставник работающей молодежи – в этой номинации выбирается самый эффективный наставник с трудовым стажем не менее 20 лет.

3) Лучший молодой работник производства – в этой номинации выбирается самый активный и трудолюбивый работник производства, чей трудовой стаж не превышает 5 лет.

Участники конкурса должны представить в ГУ "Управление координации занятости и социальных программ области Жетісу" в двух экземплярах на бумажных и электронных носителях следующие материалы:

  1. Заявление о намерении участвовать в конкурсе в свободной форме с указанием номинации;
  2. Копию удостоверения личности;
  3. Видеоролик продолжительностью не более 1-2 минут по теме номинации (по желанию с указанием места работы и навыков);
  4. Компьютерную презентацию продолжительностью не более 1 минуты о конкурсанте (работа, семья, увлечения и т.д.)в формате Microsoft Power Point;
  5. Копии трудовой книжки и других документов, подтверждающих трудовой стаж каждого представителя трудового семейства или работника, заверенные работодателем (справка с места работы);
  6. Рекомендательное письмо от работодателя или профсоюза.

При наличии (копии следующих документов):

- копии государственных или ведомственных наград, грамот, благодарственных писем;

- сертификаты о повышении квалификации (если есть).

Документы на конкурс принимаются на государственном или русском языках.

Заявки на конкурс принимаются до 1 июля 2025 года и могут быть отправлены на электронную почту obltrudzhetysu@zhetysu.gov.kz

Для получения дополнительной информации обращайтесь по телефонам: 8/7282/329261 или 8771 457 11 95.

 

Желаем успеха кандидатам!

 

 

Сообщаем вам, что до 1 июля 2025 года будут приниматься заявки от претендентов, желающих принять участие в конкурсе «Еңбек Жолы».
Дата публикации
11 июня 2025