«Жетісу облысы Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелерін талқылау бойынша отырысының ХАТТАМАСЫ

«Жетісу облысы Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелерін талқылау бойынша отырысының

ХАТТАМАСЫ

Балпық би ауылы                                                         29 мамыр 2025 жыл     

 

Төрағалық етуші - Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім басшысының м.у.а А. Садуакасова. 

Жұмыс тобының мүшелері қатысты.

 

Күн тәртібінде:

 

«Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың талдамалық есебін талқылау.

 

            2025 жылғы 15 мамыр мен 5 маусымға дейінгі кезеңде «Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметінде 2024 жылы ІІ, ІІІ, ІV тоқсанына арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.            Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:            1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;            2) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.            Іске асыру барысында нормативтік құқықтық актілерді қолдануға, мемлекеттік қызметтерді көрсетуге, сондай-ақ ұйымдастырушылық-басқару қызметінен туындайтын басқа да мәселелерге байланысты тәуекелдер анықталды.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  туралы» Заңының бұзылуына жол бермеу, мемлекеттік қызметке қатысты сала бойынша заңдардың сақталуы, Әдеп кодексі талаптарын сақтау мақсатында ұдайы семинар түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жандандыру.

Мүдделер қақтығысы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын-алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Мемлекеттік қызметтің жауапты қызметкерлерімен қолданыстағы Қағидалары талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Әр тоқсан сайын мақала жариялау, акция, мемлекеттік қызметтер жәрменкесін өткізу.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен жариялығының деңгейін арттыру бойынша қосымша шаралар қабылдау және осы салаға жауапты қызметкерлерді мемлекеттік сатып алу саласындағы оқу семинарларына жіберу.

Ағымдағы жылдың 29 мамырдағы сағат 9:00-де Жетісу облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы, Мырзабеков көшесі №38, мекен-жай бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтті.

Талқылау барысында қатысушылар бұл ұсыныстарды толық қолдады және ескертулер мен толықтырулар түскен жоқ.

 

 

 

Жұмыс тобының басшысының м.у.а :

 

А.Садуакасова

Жұмыс тобының мүшелері:

 

 

 

 

М. Мухажановна

 

 

 

 

 

Л.Газизова

 

 

 

 

 

А. Бейсембай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жетісу облысы Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелерін талқылау бойынша отырысының ХАТТАМАСЫ
Дата публикации
29 мая 2025