Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ведомствоаралық комиссиясының 2025 жылғы 1-тоқсанның қорытындысы бойынша өткен отырыстың хаттамасын орындау мақсатында «Көксу жылу-су сервис» МКК бойынша өткізілген дөңгелек үстел отырысының № 1 ХАТТАМАСЫ

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ведомствоаралық комиссиясының 2025 жылғы 1-тоқсанның қорытындысы бойынша өткен отырыстың хаттамасын орындау мақсатында «Көксу жылу-су сервис» МКК бойынша өткізілген дөңгелек үстел отырысының № 1 ХАТТАМАСЫ

 

Балпық би ауылы                                                             17  наурыз  2025 жыл

 

 

Төрағалық етуші: «Көксу жылу – су  сервис» МКК директоры –  К.А. Жунусов

Қатысқандар: «Көксу жылу – су  сервис» МКК ұжымы

 

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жұмыстың орындалуы туралы».

(Баяндамашы)

  1. «Су және жылу саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі және қабылданып жатқан шаралар туралы».

 (Баяндамашы)

        

БАЯНДАМАШЫЛАР:

 

Бірінші мәселе бойынша:  

  1. Заңгер – Албанбаева Ақмарал Тайраханқызы (Ақмарал Тайраханқызы Албанбаеваның баяндамасы).

 

Екінші мәселе бойынша:

  1. Бухгалтер – Толганбаев Арнур Русланович (Арнур Русланович Толганбаевтың баяндамасы).

 

        

          

        

 

 

 

 

 

 

 

 

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ТӨРАҒА ЖӘНЕ ҚАТЫСУШЫЛАР ШЕШТІ:

Бірінші мәселе бойынша:

1.1 Заңгер Ақмарал Тайраханқызы Албанбаеваға:

1.2. Әр өткізілген іс-шараларға ерекше мән беріп, жұмыс жоспарын қарап өткізілген іс-шаралар бойынша айына бір рет есебі берілсін.

1.3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған тиісті ақпараттық насихаттық жұмыстарды әлеуметтік желіде уақытылы жариялау. Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған ақпараттық насихаттық түсіндіру жұмыстары атқарылсын.

1.4. Мекемедегі ұжыммен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында дөңгелек үстел құру.

Екінші мәселе бойынша:

2.1. Бухгалтер – Толганбаев Арнур Русланович

2.2. Су және жылу саласы бойынша барлық іс-қағаздарды реттеу.

2.1. Абоненттердің арыз-өтініштерін жеке дара қарап соған сай жұмыстар атқарылсын.

2.3. Участок бақылаушыларымен сыбайлас-жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмыстарын жүргізсін.

2.4. Мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өзекті ақпаратпен қамтамасыз етілсін.

17  наурыз  2025 жылы  «Көксу жылу-су сервис» МКК-да  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жұмыстың орындалуы туралы және су және жылу саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі және қабылданып жатқан шаралар туралы жөніндегі отырысы өтті.

Кәсіпорын заңгері Ақмарал Тайраханқызы Албанбаеваға  әр өткізілген іс-шараларға ерекше мән беріп, жұмыс жоспарын қарап өткізілген іс-шаралар бойынша айына бір рет есебі,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған тиісті ақпараттық насихаттық жұмыстарды әлеуметтік желіде уақытылы жариялау,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған ақпараттық насихаттық түсіндіру және  кәсіпорындағы ұжыммен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында дөңгелек үстел құру бірқатар жұмыстар тапсырылды.

.

Кәсіпорын бухгалтері Арнур Русланович Толганбаевқа  су және жылу саласы бойынша барлық іс-қағаздарды реттеу, абоненттердің арыз-өтініштерін жеке дара қарап соған сай жұмыстарды,  участок бақылаушыларымен сыбайлас-жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмыстарын, мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өзекті ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізу жүктелді.

 

 

 

                                                                               

           Баяндамашылардың оқыған баяндамалары назарға алынсын. Жоғарыда көрсетілген тармақтардың орындалуы және атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат, растайтын құжаттарымен (фото, бейнематериалдар) көрсетілген мерзімге дейін ақпарат ұсынылсын.

 

 

            «Көксу жылу-су сервис»                                        К.А. Жунусов                                                                                             

                    МКК директоры

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ведомствоаралық комиссиясының 2025 жылғы 1-тоқсанның қорытындысы бойынша өткен отырыстың хаттамасын орындау мақсатында «Көксу жылу-су сервис» МКК бойынша өткізілген дөңгелек үстел отырысының № 1 ХАТТАМАСЫ
Дата публикации
17 марта 2025