Көксу ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 06 наурыздағы «Жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін алып қою немесе мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы» №74 қаулысы
Жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын
мүлікті мемлекет мұқтажы үшін алып қою
немесе мәжбүрлеп иеліктен
шығару туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабы 2-тармағының 4) және 5) тармақшаларына, 85, 86, 87-баптарына, Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 48 бұйрығымен
бекітілген «Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидалары», Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» №413 Заңының 6-тарауына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Г. А. Капковқа тиесілі жер учаскесінің жалпы көлемі 0,9166 га, оның ішінде: 0,0140 га жер учаскесі, кадастрлық номері 24-261-015-350 Жетісу облысы, Көксу ауданы, Балпық ауылдық округі.
Аудан әкімі Д.Халелов