Көксу ауданы әкімінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 12-189 «Көксу ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 

Жоба

 

 

Көксу ауданы әкімінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 12-189 «Көксу ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 23-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес, Көксу ауданының әкімі ШЕШТІ:

  1. Көксу ауданы әкімінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 12-189 "Көксу ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4985 тіркелген) шешіміне мынандай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Көксу ауданы әкімінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы «Көксу ауданы әкімінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 12-189 Көксу ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы шешіміне өзгеріс енгізу туралы» № 12-40 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Көксу ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілсін.

 

 

 

 

Көксу ауданының әкімі       

                              Д.Халелов

 

Көксу ауданы әкімінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 12-189 «Көксу ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
06 марта 2025