ЖОБА Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

ЖОБА

 

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық

 жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар

лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

 Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
  2.  Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.О. Шалкибековке жүктелсін.
  3.  Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі                                                    Д.Халелов

ЖОБА Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Дата публикации
23 января 2025