2024 жылғы 8 желтоқсанда өткен Көксу аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттың орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2024 жылғы 8 желтоқсанда бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Көксу аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.

Сайлаушылар тізіміне 2313 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 1729 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 4 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны -3.

Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Көксу аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

№ 5 сайлау округі бойынша

Жаңғабылов Әлішер Асқарұлы үшін сайлаушылардың 314 дауысы берілді,

Жүнісов Айдын Несіпбайұлы үшін сайлаушылардың 1022 дауысы берілді.

Касымжанова Алия Максимовна үшін сайлаушылардың 236 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 39;

 

Сайлау қорытындысымен № 5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Көксу аудандық мәслихаттың депутаты болып – Жүнісов Айдын Несіпбайұлы, 1981 жылы туған, «Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Көксу ауданының мансап орталығы» филиалының басшысы, Көксу ауданында  сайланды.

 

 

Көксу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

2024 жылғы 8 желтоқсанда өткен Көксу аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттың орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама
Дата публикации
10 декабря 2024