Көксу ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің 2020 жылдың 3 тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат.
Газбен қамту жүйесі
Көксу ауданы Балпық би ауылының ішкі газбен қамту жүйесі бойынша орта қысымды жер асты 19,60 шақырым және төменгі қысымды 63,10 шақырым газ құбыры тартылды. Жалпы Балпық би ауылы бойынша 3 354 абонент қосылу жоспарлануда, Бүгінгі күні 2000 ауланың алдынан газ құбырлары өтіп, 767 келісім-шарт жасалып, оның бүгінгі күні 708 қосылды. Балпық би ауылы бойынша 49 көше газ жүйесіне қосылды. Газ жүйесінің ұзындығы 119 км, газ тұтыну көлемі жылына 21 млн/м³ құрайтын болады. Жалпы Балпық би ауылының газ құбырлары жүргізілген көшелердің тұрғындарына газға қосылу мүмкіншілігі, үнемділігі және жеңілдіктері туралы толық түсіндіру жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.
«Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық басқармасы» ММ-сі арқылы Көксу ауданының қалған елдімекендерді газдандыру мақсатында аудандағы 4 ауылды газдандыруға құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу күтілуде.
«Көксу ауданы Мәмбет ауылындағы газ тарату желілері мен жеткізуші газ құбырын салу» нысаны бойынша 203 820 681 тенгеге мемлекеттік сатып алу рәсімі жүргізіліп, қорытындысы бойынша бас мердігер болып «Сұңқар-2002» ЖШС аңықталды.
«Көксу ауданы Жамбыл ауылындағы газ тарату желілері мен жеткізуші газ құбырын салу» нысаны бойынша 173 728 920 тенгеге мемлекеттік сатып алу рәсімі жүргізіліп, қорытындысы бойынша бас мердігер болып «Azia RC» ЖШС аңықталды.
«Көксу ауданы Мұқыры ауылындағы газ тарату желілері мен жеткізуші газ құбырын салу» нысаны бойынша 432 738 104 тенгеге мемлекеттік сатып алу рәсімі жүргізіліп, қорытындысы бойынша бас мердігер болып «Сұңқар-2002» ЖШС аңықталды.
«Көксу ауданы Бесқайнар ауылындағы газ тарату желілері мен жеткізуші газ құбырын салу» нысаны бойынша 280 771 560 тенгеге мемлекеттік сатып алу рәсімі жүргізіліп, қорытындысы бойынша бас мердігер болып «Сұңқар-2002» ЖШС аңықталды.
Жылумен қамту жүйесі
Көксу ауданы бойынша Облыс әкімінің 2020 жылғы 29 маусым күнгі «2019-2020 жылдардағы жылыту маусымының қортындысы және алдағы 2020-2021 жылдардағы жылыту маусымындағы міндеттер туралы» №263 қаулысына сәйкес Көксу ауданы әкімінің 2020 жылғы 04 қыркүйектегі №251 қаулысына сәйкес аудандық штаб құрылып, жұмыс жоспары бекітілді. Аудандық штаб мүшелері ауылдық округтерге штаб жұмысын үйлестіруге бекітілді.
Аудан бойынша жылыту маусымына бюджеттік мекемелерге 2020-2021 жылғы жылыту маусымына 783 334 тонна сұйық отынның бүгінгі күнге 755 874 тоннасы жеткізілді немесе 96,5%, қатты отын 740 тонна бүгінгі күнге толық жеткізілді немесе 100%.
Атап айтсақ Білім саласы бойынша 2020-2021 жж от жағу маусымында 40 білім беру мекемесі жұмыс жасайды. Оның ішінде 4 мектеп, 1 музыкалық мектеп және 4 балабақша орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылған, 3 мектеп, 1 балабақша көмірмен, 18 мектеп, 9 балабақша сұйық отынмен жылытылады.
2020-2021 от жағу маусымында 18 мектеп және 9 балабақшаға 669942 литр сұйық отын лимиті бекітілді. Сұйық отын сатып алуға 147387,0 мың теңге қаржы бөлінді. 669942 литр сұйық отын сатып алуға «ASAR GROUP LTD» ЖШС-гімен шарт жасалды. Бүгінгі күнге 612362 литр, немесе 91,4 пайыз сұйық отын жеткізілді. Ж.Егінбаев атындағы ОМ 9000 литр және Т.Исабаев атындағы ОМ қосымша 8000 литр сұйық отын лимиті бекітілді (температуралық режим сақталмау себептерінен)
Орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылған 4 мектепке 2020 жылға 12000,0 мың теңгеге шарт жасалды.
2020-2021 жылдағы от жағу маусымына 400 тонна көмір сатып алуға 5572,0 мың теңге бөлінді. Конкурс жарияланған жоқ, шілде айына жоспарланды). Қаратал бастауыш мектебіне 22 тонна, Ж.Егінбаев атындағы орта мектебіне қарасты «Жастар» спорт кешеніне 68 тонна, Айнабұлақ бекетіндегі № 12 орта мектебіне 310 тонна.
От жағу маусымына «ГИГ Master Fakel» ЖШС-мен от жағу қазандықтарын ағымды жөндеуге 8000,0 мың теңгеге шарт жасалды. От жағу қазандықтары от жағу маусымына дайындалды ұконсервацияға қойылды). Сұйық отын сақтайтын сиымдылықтар толық калиберленген. Сыртта орналасқан сұйық отын сақтайтын 50 сиымдылық жылыланған.
2020 жылы сұйық отынмен жылынатын 18 мектепке 18 дана пломбиратор сатып алынды. 9 балабақша да пломбиратормен қамтамасыз етілген.
2020 жылы Алғабас атындағы орта мектебінің жылыту жүйесіне ағымдағы жөндеу және № 5 орта мектебінің жылыту жүйесіне күрделі жөндеу жүргізілуде.
Мәдениет саласы бойынша 90 392 тоннаны алу мақсатында мемлекеттік сатып алу рәсімі жүргізіліп конкурстын қорытындысы бойынша «Айқол транс ойл» ЖШС болып аңықталып толық жеткізіледі, 60 тонна қатты отынға 900,0 мың теңге қаражатқа мемлекеттік сатып алу рәсімі жүргізіліп бас мердігер КАРИМБАЕВ ЧИНГИЗ болып аңықталды. Қатты отын бүгінгі күнге толық жеткізілді;
Денсаулық саласы бойынша 23 000 тоннаға 4 042,5 мың теңге бөлініп конкурстың қорытындысы бойынша бас мердігер болып «Diesel Group» аңықталып 2020 жылы 22 мамыр күні №90 келісім-шарт жсалды, бүгінгі күнге 23 000 тонна сұйық отын толық жеткізу жұмыстары жүргізілуде. 280 тоннаға 5 040,0 мың теңге бөлініп бас мердігер «АРС» ЖШС болып аңықталып 2020 жылы 18 мамыр күні №50 келісім-шарт жасалды, бүгінгі күнге 280 тонна қатты отынды жеткізу жұмыстары жүргізілді.
Абаттандыру
«Алматы облысы Көксу ауданы Балпық би ауылындағы көпқабатты үйлердің аула аумақтарын абаттандыру» нысаны бойынша жоба-сметалық құжаттамасы толықтай өңделіп, сараптама қорытындысы алынды (2018 жылы 10 қазан күні №ТЭ-0030/18). Жоғарыда көрсетілген нысан бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімі жарияланып, конкурстың қорытындысы бойынша бас мердігер «Корпороция Тас» ЖШС болып аңықталды. Бүгінгі күнге Мырзабеков, Тазабұлақ ш/а аумақтарын абаттандыру 100 пайызға аяқталды, қазіргі уақытта Қаблиса жырау, Дарабоз ана және Ауезов көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру жұмыстары басталып, жүргізілуде. Нысан толығымен аяқталды.
Санитарлық тазалық
Алматы облысы 2020 жылы 28 ақпандағы «Облыс елді мекендерін санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру көктемгі-күзгі айлықтарын өткізу туралы» №73 қаулысына сәйкес, Көксу ауданында аудан әкімінің 2020 жылғы 06 наурыздағы №81 қаулысымен «Елді мекендерінде көктемгі-күзгі санитарлық тазарту, көркейту, көгалдандыру айлығын өткізу туралы» жарияланып, тазалық айлығын өткізу жөніндегі штаб құрылды және іс-шаралар жоспары бекітілді. Аудан бойынша санитарлық тазалық күні 7 рет жүргізілді. Оған мемлекеттік және бюджеттік мекемелерімен 34 елді-мекендегі ауыл тұрғындары атсалыса қатысады. Тазалық жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында аудандық әкімшілік тарапынан 4 арнайы техника жұмылдырылады. Бүгінгі күнге 10 ауылдық округтерден 182 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар арнайы күл-қоқыс төгетін полигондарға шығарылды.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту
Модернизациялау бойынша қарыздарды қайтару жұмыстарында Шадрин шағын ауданындағы №10 және №7 үйлер бойынша жоспарланған 10 587 552 теңгенің бүгінгі күнге 8 533 069 теңгесі немесе 82,1% пайызы қайтарылды.
Жұмыспен қамту жол картасы бойынша нысандар туралы ақпарат
Көксу ауданы Балпық би ауылының тұрғындарын үзіліссіз сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, «Көксу ауданы Балпық би ауылының орталық бөлігінің ауыз су жүйесін қайта жаңғырту және құрылысын салу» нысаны бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімі жүргізіліп, конкурстың қорытындысы бойынша бас мердігер «Құрылысшы-ТБС» ЖШС болып аңықталды. 2020 жылы 29 сәуір күні 1 244 325 749 теңгеге келісім-шарт жасалды. 2020 жылы 06 мамыр күні құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуді бастау туралы хабарлама (талон) алынды. Нысанның қуаттылығы 39,3 шақырым, аяқталу мерзімі 2020 жылдың 01 желтоқсан күні. Жұмыспен қамту орталығы арқылы жоспар бойынша 150 адам болу керек бүгінгі күнге 66 адам жұмыспен қамтамасыз етілді.
«Көксу ауданы Балпық ауылдық округінің Ақшатоған ауылының Виноградова көшесінің көше жарығын орнату» нысаны бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімі жүргізіліп, конкурстың қорытындысы бойынша бас мердігер «Жан-Мирас» ЖШС болып аңықталды. 2020 жылы 03 мамыр күні 5 446 848 теңгеге келісім-шарт жасалды. Нысанның қуаттылығы 0,8 шақырым, Нысан толығымен аяқталды.
«Көксу ауданы Балпық ауылдық округінің Ақшатоған ауылының орталық көшесінің көше жарығын орнату» нысаны бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімі жүргізіліп, конкурстың қорытындысы бойынша бас мердігер «Жан-Мирас» ЖШС болып аңықталды. 2020 жылы 03 мамыр күні 8 054 958 теңгеге келісім-шарт жасалды. Нысанның қуаттылығы 1,2 шақырым, Нысан толығымен аяқталды.
«Көксу ауданы Жарлыөзек ауылы Идигов көше бойындағы стадионды және скверді ағымдағы жөндеу» нысаны бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімі жүргізіліп, конкурстың қорытындысы бойынша бас мердігер «Специализированное монтажно-наладочное управление газового хозяйства» ЖШС болып аңықталды. 2020 жылы 31 сәуір күні 24 427 715 теңгеге келісім-шарт жасалды. Нысанның аяқталу мерзімі 2020 жылдың 01 қазан күні. Жұмыспен қамту орталығы арқылы жоспар бойынша 4 адам болу керек бүгінгі күнге 4 адам жұмыспен қамтамасыз етілді.
«Көксу ауданы З.Тамшыбай ауылындағы спорт алаңын жайластыру» нысаны бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімі жүргізіліп, конкурстың қорытындысы бойынша бас мердігер «Специализированное монтажно-наладочное управление газового хозяйства» ЖШС болып аңықталды. 2020 жылы 30 сәуір күні 13 531 842 теңгеге келісім-шарт жасалды. Нысанның аяқталу мерзімі 2020 жылдың 01 қазан күні. Жұмыспен қамту орталығы арқылы жоспар бойынша 2 адам болу керек бүгінгі күнге 2 адам жұмыспен қамтамасыз етілді.
«Көксу ауданы 50 жыл Қазақстан ауылы Жапсарбаев және Нүрпейісов көшелеріне шағын футбол алаңы мен торлы қоршауы бар воллейбол алаңын жайластыру» нысаны бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімі жүргізіліп, конкурстың қорытындысы бойынша бас мердігер «Ас-сапа құрылыс» ЖШС болып аңықталды. 2020 жылы 30 сәуір күні 37 704 009 теңгеге келісім-шарт жасалды. Нысаның аяқталу мерзімі 2020 жылдың 01 қазан күні. Жұмыспен қамту орталығы арқылы жоспар бойынша 5 адам болу керек бүгінгі күнге 5 адам жұмыспен қамтамасыз етілді.
Арық жүйесі
«Алматы облысы Көксу ауданы Балпық би ауылының арық жүйелерін қайта жаңарту мен құрылысын салу» нысаны бойынша жоба-сметалық құжаттама толық өңделіп сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жоғарыда көрсетілген нысан бойынша «Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге 1 кезенің өткізу үшін 300 000,0 мың.теңге қаражат бөлініп мемлекеттік сатып алу рәсімі жүргізіліп, сараптаманын қорытындысы бойынша бас мердігер болып «TOLAGAI-2050» болып аңықталды. Бүгінгі күнге 2 шақырым арық лотоктар орнатылды және 2 шақырым траншея қазу жұмыстары жүргізілді. Насында 5 адам және 2 арнайы техника жұмыс атқаруда. Аталмыш жобаның жалпы құны 1 миллиярд теңге.
Көксу ауданының тұрғын үй
коммуналдық шаруашылығы және
тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы А.Кокетаев