«Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Көксу ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы»

«Жайылымдарды геоботаникалық

зерттеп-қарау негізінде Көксу ауданы бойынша жайылым

айналымдарының схемасын  бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Респкубликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 бабтарына және  Қазақстан Республикасы «Жайылымдар туарлы» Заңының 9 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Көксу ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасы, осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін

2.«Көксу ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-сі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін, аудандық мерзімді баспа басылымында жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Кененбаевқа жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі                                                                                   А.Әділ

 

                                                       Көксу ауданы әкімдігінің  2020 жылдың «___» _________ № ____қаулысына қосымша

 

 

Дата публикации
12 октября 2020