Көксу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің 2025 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары туралы АҚПАРАТ

Қосымша  1
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты

қалыптастыру, іске асыру мониторингі

және оның нәтижелерін бағалау

қағидаларына

 

Көксу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің

2025 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары туралы

АҚПАРАТ

 

№

Жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыбы

Қаржыландырудың жоспарланған көлемі

Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме

Халықтың мақсатты тобы

Күтілетін нәтиже

1.       

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен парасаттылықты нығайтуға бағытталған ағарту іс-шараларын және ақпараттық-түсіндіру кешенді шараларын ұйымдастыру

2 000 000

"Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы (бірінші кезең: 2020-2025 жылдар)"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №917 Қаулысы

 

Аудан тұрғындары, БАҚ, ҮЕҰ    

Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысуын қамтамасыз ету, халықтың нысаналы топтарын мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге белсенді қатысуға ынталандыру

2.       

Ауданда тұрақтылықты қамтамасыз етуге, қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған кешенді іс-шараларды өткізу

1 000 000

«Ұлттық бірлік туралы» ҚР Заңы; «Қазақстан – 2050» стратегиясы

Жастар, этномәдени бірлестіктер, діни конфессиялар өкілдері, аудан тұрғындары

"Тұрақтылықты қамтамасыз ету – аудан тұрғындары арасында қауіпсіз және бейбіт ортаны қолдау.

Қоғамдық келісімді нығайту – түрлі әлеуметтік топтар арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық орнату.

Ұлттық бірлікті қолдау – ортақ құндылықтарды насихаттау арқылы халықты біріктіру."

3.       

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша халықтың діни сауаттылығын арттыруға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу.

1 000 000

ҚР-дағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарлама; «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша іс-шаралар жоспары

Жастар, діни қауымдастықта, аудан тұрғындары

Діни сауаттылықты арттыру – тұрғындарға дін туралы дұрыс және объективті ақпарат беру арқылы экстремистік идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру.

Экстремизмнің алдын алу – радикалдық ағымдардың таралуына жол бермеу үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету – діни төзімділікті насихаттау арқылы қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтау.

4.       

ҚР мемлекеттік рәміздерін насихаттауға бағытталған кешенді іс-шараларды өткізу

1 000 000

ҚР «Мемлекеттік рәміздер туралы» Заңы; ҚР Президентінің 2007 жылғы 4 маусымдағы №337 Жарлығы

Оқушылар, студенттер, жастар, мемлекеттік қызметшілер, аудан тұрғындары

Мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру, патриоттық сана қалыптастыру, азаматтық бірегейлікті нығайту

 

Көксу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің 2025 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары туралы АҚПАРАТ
Дата публикации
29 октября 2024