2020 жылдың 1 қазан айына Көксу ауданының бюджетінің орындалуы туралы ақпарат

2020 жылдың 1 қазан  айына Көксу ауданының бюджетінің   орындалуы туралы ақпарат

         Көксу  ауданының 2020 жылға бекітілген бюджет көлемі 9873539,0 мың теңге,  түзетілген бюджет  14296550,4  мың теңге құрайды.

 2020 жылдың 1 қазан айына бюджеттің кірістері бойынша  8778200,4 мың теңге сомасында орындалған, түзетілген жоспары 8658609,4 мың теңге немесе 101,4 %. Облыстық бюджет есебінен 7771646,4  мың теңге сомасында трансферттер түсті немесе 100,0%.

 Меншік түсімдер бойынша  2020 жылдың 01 қазан  айына  886963,0 мың теңге құрап, 1006554,0 мың теңгеге орындалды немесе 113,5% оның ішінде:

Салықтық түсімдер бойынша жоспарланған сома 874221,0 мың теңге болса, нақты түскені 986431,0  мың теңге немесе 112,8%.

Салықтық емес түсімдер бойынша жоспар 7086,0 мың теңге болса, нақты түскені  11721,5 мың теңге, немесе 165,4 %.

2020 жылғы 01 қазан  айына аудан бюджетінің шығыс бөлігі  99,6% -ға игерілді. Қаржыландыру жоспарындағы 10065,8 млн теңгенің нақты жұмсалғаны  10024,4 млн теңгені құрап 41,4 млн теңге игерілмей қалды, оның ішінде:

-3,7 млн  теңге - «Ел бесігі бағдарламасы» Балпық би ауылындағы орталық жылу қазандығын ұлғайту жұмыстары  бойынша мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаражат;

12,0 млн теңге- РБ есебінен Балпық би ауылындағы 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы бойынша жұмыс көлемінің болмауына байланысты

-11,8 млн теңге РБ есебінен қоғамдық жұмыстар бойынша үнемделген қаражат;

-10,6 млн теңге ОБ есебінен «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша З.Тамшыбай ауылындағы спорт аланың жайластыру жұмыстары бойынша жұмыс көлемінің болмауына байланысты;

-2,7 млн теңге білім беру бойынша еңбекақыдан үнемделген қаражат;

-0,6 млн теңге қалдық қаражат

 

 

 

         Көксу ауданының қаржы

         бөлімінің басшысы                                        А.Джетписбаева

 

Дата публикации
07 октября 2020