№ 5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Көксу аудандық мәслихатынан шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 1-тармағының 4) тармағына, 101-бабының 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес және «Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды бір мезгілде өткізу күнін келісу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 6 қыркүйектегі №39/47 қаулысы негізінде Көксу ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- № 5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Көксу аудандық мәслихатынан шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлау 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалсын.
- Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2024 жылғы 11 қазаннан 8 қарашаға дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2024 жылғы 13 қарашаға дейін белгіленсін.
- Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған, Көксу аудандық мәслихатынан шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы «Нұрлы-Көксу» аудандық газетінде және Көксу ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырсын.
Төраға Н. Байғабулов
Хатшы М. Жамбылқызы