Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторийлік-курорттық емдеуді ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 283 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 маусымда № 32988 болып тіркелді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5)-тармақшасының жиырма бірінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Т. Дуйсенова |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасы |
Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторийлік-курорттық емдеуді ұсыну қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – портал) – Кодекске сәйкес жергілікті атқарушы органдардың мүгедектігі бар адамдар үшін өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген сома шегінде құнын өтеуі шарттарымен оларға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін ақпараттандыру обьектісі;
2) проактивті көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
3) санаторийлік-курорттық емделу – адамдардың санаторийлік-курорттық ұйымда уақытша болуы жағдайында жүргізілетін медициналық оңалту түрі.
4) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, Қордың қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Мүгедектігі бар адамның санаторий-курорттық емделу қажеттілігін бағалау санаторий-курорттық емделудің алдында санаторий-курорттық картаны толтыру кезінде медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер ескеріле отырып айқындалады.
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) Астана, Алматы және Шымкент қалаларының (бұдан әрі – қалалық басқармалар), аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері);
3) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал);
4) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (бұдан әрі – абоненттік нөмір).
Проактивті қызмет арқылы ресімдеу кезінде өтініш беру талап етілмейді.
"Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу" проактивті қызметін көрсету тәртібі Қағидалардың 2-тарауының 2-параграфында көзделген.
"Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз етуге, мүгедектігі бар баланы санаторийлік-курорттық емделуге алып жүретін заңды өкілінің санаторийлік-курорттық ұйымында болуына құжаттарды рәсімдеу" мемлекеттік қызметін "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсету тәртібі Қағидалардың 2-тарауының 3-параграфында көзделген.
2-тарау. "Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
1-параграф. Мемлекеттік корпорация, қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері арқылы өтініш беру негізінде "Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
1) жеке басты куәландыратын құжат туралы;
2) мүгедектікті белгілеу туралы;
3) АОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді алу үшін "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) мүгедектігі бар адамның жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша сұрау салуларды қалыптастырады.
Еңбек жарақатынан немесе кәсіптік аурудан мүгедектігі бар адамдар санаторийлік-курорттық ем алуға өтініш берген кезде:
1) мүгедектікке алып келген өндірістегі жазатайым оқиға туралы;
2) оның кінәсінан жұмыста еңбек жарақаты алынған немесе кәсіптік ауруға шалдығу болған жұмыс берушінің – дара кәсіпкердің қызметін тоқтату немесе заңды тұлғаны тарату туралы қосымша мәліметтер сұратылады.
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке жоғарыда көрсетілген мәліметтерді қамтитын қағаз жеткізгіштегі құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
Ұсынылған түпнұсқалармен құжаттардың көшірмелері сәйкестендірілгеннен кейін өтінішті қабылдаған жауапты қызметкер тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатқа немесе Қағидалардың 12-тармағына сәйкес берілетін талонға белгі қою арқылы куәландырады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Мемлекеттік корпорацияда – тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат;
қалалық басқармаларда, жұмыспен қамту бөлімдерінде – тіркелген күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 73-бабына сәйкес өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама алдын ала, бірақ мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша өтініш берушіге қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында құжаттарды рәсімдеу туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.
Қалалық басқармадан, жұмыспен қамту бөлімінен хабарлама алғаннан кейін Мемлекеттік корпорация өтініш берушіні мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері туралы өтініш берушінің абоненттік нөміріне смс-хабарлама беру арқылы хабардар етеді.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін қалалық басқармаларға, жұмыспен қамту бөлімдеріне береді. Өтініш беруші бір ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның, қалалық басқармалардың және жұмыспен қамту бөлімдерінің сұрау салуы бойынша дайын құжаттарды өтініш берушіге беру үшін бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
1) қалалық басқармалардың, жұмыспен қамту бөлімдерінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген мекенжайлар бойынша қалалық басқармалары, жұмыспен қамту бөлімдері басшыларының атына беріледі.
2) Мемлекеттік корпорацияның қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорацияның басшысына жіберіледі.
Қалалық басқармаларға, жұмыспен қамту бөлімдеріне және Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен шағым "Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ "Электрондық жолданымдар" ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 4 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 11 қаңтарда № 31679 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 4 бұйрық) бекітілген тәртіпте "Электрондық жолданымдар" ақпараттық талдау жүйесінде (бұдан әрі – "Электрондық жолданымдар" АТЖ) тіркеуге жатады.
Шағымды қабылдаудан бас тартуға жол берілмейді.
Шағымды тіркеу ӘРПК 64-бабының 3-бөлігімен көзделген мерзімде жүргізіледі.
"Электрондық жолданымдар" АТЖ-да тіркегеннен кейін әрбір шығым бойынша арыз иесіне күні мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, лауазымы көрсетіле отырып, № 4 бұйрықпен бекітілген нысанда талон беріледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Қалалық басқармалардың, жұмыспен қамту бөлімінің және Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей және әкімшілік іс шағымды қарайтын органға жіберіледі.
Бұл ретте, Мемлекеттік корпорация, қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері, егер шағым үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға жібермеуге құқылы.
Қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің бөлімшесіне келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген кезде өтініш беруші Мемлекеттік қызметі көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағым жасау қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылатын әкімшілік орган, лауазымды адам сотқа пікірмен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамының уәжді ұстанымын ұсынады.
2-параграф. "Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу" проактивті мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
Көрсетілетін қызметті алушы смс-хабарлама арқылы тиісті кодпен проактивті қызмет көрсетуге келісімін немесе бас тартуын растайды.
Проактивті қызмет арқылы санаторийлік-курорттық емделуді ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеуге өтініш берген күн рәсімдеуге келісім алған күн болып саналады.
Келісім түскен күннен бастап қызмет көрсету мерзімі бес жұмыс күнін құрайды.
3-параграф. Веб-портал арқылы "Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
Өтінішті "электрондық үкімет" шлюзі арқылы берген кезде:
1) жеке басты куәландыратын құжат туралы не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат туралы;
2) мүгедектікті белгілеу туралы;
3) АОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді автоматты түрде қалыптастыру үшін мүгедектігі бар адамның жеке сәйкестендіру нөмірі сұратылады.
Қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі портал хабарламасына жауап ретінде бір реттік пароль беру немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен пайдаланушының порталда тіркелген ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттарды цифрлық құжаттар сервисінен алады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде, қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама алдын ала, бірақ мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша өтініш берушіге қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.
3-тарау. Санаторийлік-курорттық емделуді ұсыну тәртібі
Мүгедектігі бар баланы жол жүруші шығыстарын төлеу алып жүрушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
1) мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың құжаттары:
жеке басты куәландыратын құжат;
"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 069/е нысаны бойынша санаторийлік-курорттық карта (бұдан әрі – санаторийлік-курорттық карта);
санаторийлік-курорттық емделуді портал арқылы ұсынған кезде –Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнім берушіден порталда алынған төсек-орынның болуын растау туралы хабарлама (бұдан әрі – төсек-орынның болуын растау туралы хабарлама) ұсынады.
2) алып жүрушінің құжаттары:
жеке басты куәландыратын құжатты;
заңды өкілдің мәртебесін растайтын құжатты:
егер санаторийлік-курорттық емдеуден өту жоспарланбаған жағдайда тұрғылықты жері бойынша инфекциялық пациенттермен байланыстың болмауы туралы эпидемиологтың анықтамасын;
санаторийлік-курорттық емдеуден өтуді жоспарлау жағдайында санаторийлік-курорттық картаны ұсынады.
Алып жүруші мүгедектігі бар баланың (мүгедектігі бар баларлардың) және алып жүрушінің (-лер) жынысын ескере отырып, екі орынды бөлмеде немесе бір бөлмеде болуын өнім беруші қамтамасыз етеді.
1-параграф. Санаторийлік-курорттық емделуді портал арқылы ұсыну тәртібі
Мобильді азаматтар базасында өтініш берушінің абоненттік нөмірі туралы мәліметтер болған кезде, оның абоненттік нөміріне "Е-Собес" ААЖ-дан порталда авторизациялау және өнім берушіні таңдау қажеттілігі туралы смс-хабарлама жіберіледі.
Өнім берушіні таңдау кезінде өтініш беруші мүгедектігі бар баланы алып жүруді растайды немесе бас тартады.
осы төсек-орынға бір мезгілде екі және одан да көп өтінім рәсімделген;
санаторийлік-курорттық ұйым Әлеуметтік қызметтер порталындағы өнім берушілер тізілімінен алып тастау сатысында және өз міндеттемелерін орындай алмайды;
мүгедектігі бар адам санаторий контингентіне жатпайды;
санаторийлік-курорттық ұйым тек балалар контингентіне қызмет көрсетеді (алып жүруші болған жағдайда);
мүгедектігі бар баланың және алып жүрүшінің жынысы сәйкес келмеген жағдайда екі орынды бөлмелердің болмауы;
форс-мажорлық жағдайлар (төтенше жағдайлар, дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар және еңсерілмейтін күштің басқа да мән-жайлары).
мүгедектігі бар адамның санаторийлік-курорттық ұйымға келу күні мен уақыты және оның кетуі туралы;
мүгедектігі бар адамның тапсырыста көрсетілген мерзімдерде санаторийлік-курорттық ұйымға келмеуі туралы;
мүгедектігі бар адам санаторийлік-курорттық ұйымға келгеннен кейін мүгедектігі бар адам міндеттемелерін тиісінше орындамауына байланысты қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды, ол автоматты түрде "Е-Собес" ААЖ-ға беріледі.
"Е-Собес" ААЖ-да АОЖБ әлеуметтік оңалту іс-шарасының орындалуы туралы деректер автоматты түрде толтырылады.
44-1. Мүгедектігі бар адамның санаторийлік-курорттық ұйымға келуі порталда бір реттік парольмен немесе GPS (Global Positioning System) орналасқан жері туралы ақпаратпен тіркеледі.
Ескерту. Қағидалар 44-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.05.2024 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
44-2. Өнім берушінің кабинетінде осы Қағидаларға 5-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша санаторийлік-курорттық ұйымға келудің электрондық журналы қалыптастырылады.
Ескерту. Қағидалар 44-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.05.2024 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
өнім беруші Өнім берушілер тізілімінен (тіркелімінен) алып тастауға өтініш берді;
Қағидалардың 33-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбау;
жынысы бойынша өтінімдегі деректердің сәйкес келмеуі;
форс-мажорлық жағдайлар (төтенше жағдайлар, дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар және еңсерілмейтін күштің басқа да мән-жайлары).
2-параграф. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеуді ұсыну тәртібі
Жолдаманы қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі өтініште көрсетілген өтініш берушінің қолына береді.
Жолдаманың қайтарылуы журналда тіркеледі.
Жолдаманы қайтарған мүгедектігі бар адамға жолдамалар болған кезде басқа кезеңге кіру ұсынылады.
3-параграф. Санаторийлік-курорттық емделуге ақы төлеу тәртібі
|
|
Мүгедектігі бар адамды |
Мүгедектігі бар адамдарды санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз етуге медициналық қарсы көрсетілімдер
ұстамалармен (фокальды, жалпыланған), оның ішінде жүргізілетін емдеуге төзімді;
ақыл-ой кемістігі, мінез-құлық пен әлеуметтік бейімделудің айқын бұзылулары бар тұлғаның патологиялық дамуы.
Әр түрлі генездің эпилепсиялық синдромдары
|
|
Мүгедектігі бар адамды |
Нысан
|
|
Жергілікті атқарушы |
Санаторийлік-курорттық емделуді ұсынуға өтініш
Тегі ______________________________________________________________
Аты ______________________________________________________________
Әкесінің аты (бар болса) _____________________________________________
Туған күні _________________________________________________________
Мүгедектігі ________________________________________________________
Жеке басты куәландыратын құжат түрі ________________________________
Құжаттың нөмірі: __________________ кім берген: ______________________
Берілген күні: "___" _______ _______ жылы
Жеке сәйкестендіру нөмірі:
__________________________________________
Тұрақты тұратын жерінің мекенжайы (тіркелген):
Облыс ____________________________________________________________
қала (аудан) ________________________ ауыл:
__________________________________________________________________
көше (шағынаудан) _______ ____________ -үй _____ -пәтер ______________
Телефон ________________________________________
Санаторийлік-курорттық емделуді ұсыну үшін:
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 168-бабының 4-тармағына сәйкес
мүгедектігі бар адамға;
мүгедектігі бар балаға;
сүйемелдеуімен жүретін мүгедектігі бар балаға
(керегін белгілеу)
Әлеуметтік қызметтер порталы;
Мемлекеттік сатып алу арқылы құжаттар қабылдауды сұраймын.
(керегінің белгілеу)
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:
|
Р/с № |
Құжаттың атауы |
Құжаттағы парақтардың саны |
Ескертпе |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту құралдары мен қызметтерін ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу үшін қажетті ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
20 ____ жылғы "___" __________ .
_______________________________________________________________________
(Өтініш берушінің (заңды өкілінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
_______________________________________________________________________
(Өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы)
20 _____ жылғы "__" __________.
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
қию сызығы
Азамат __________________________________ өтініші қабылданды.
Өтініш қабылданған күн "____" ____________ 20 ____ жыл.
__________________________________________________________________________
(Өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы)
|
|
Мүгедектігі бар адамды |
|||
|
"Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі |
|
|||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары |
|
|
|
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация); 2) Астана, Алматы және Шымкент қалаларының (бұдан әрі – қалалық басқармалар), аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері); 3) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (бұдан әрі – абоненттік нөмір) – проактивті қызмет); 4) www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал). |
|
|
|
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1) Мемлекеттік корпорацияның, қалалық басқарманың бөлімшелеріне, жұмыспен қамту бөлімдеріне жүгінген кезде – құжаттар топтамасы тіркелген күннен бастап – бес жұмыс күні; проактивті қызмет көрсету кезінде – келісім түскен күннен бастап – бес жұмыс күні; веб-портал арқылы жүгінген кезде - бес жұмыс күні. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут, қалалық басқармаларда, жұмыспен қамту бөлімдерінде – 30 минут; 3) Мемлекеттік корпорацияда өтініш берушіге қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут, қалалық басқармаларда, жұмыспен қамту бөлімдерінде – 30 минут |
|
|
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Қағаз түрінде/проактивті/электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
|
|
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға санаторийлік-курорттық емделуге құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама. Мемлекеттік корпорация өтініш берушіге қабылданған шешім туралы өтініш берушінің абоненттік нөміріне смс-хабарлама беру арқылы хабарлайды не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі. Веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі. |
|
|
|
6 |
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
|
|
|
7 |
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) Мемлекеттік корпорацияда – дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің кезекшілері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа. Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз, электрондық кезек тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті веб-порталы арқылы броньдауға болады; 2) қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00, 14.30, 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00, 18.30, 19.00-ге дейін. Өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижелерін беру дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа. 3) веб-порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
|
|
|
8 |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Мемлекеттік корпорацияда, қалалық басқармаларда және жұмыспен қамту бөлімдерінде: 1) мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторийлік-курорттық емделуді ұсыну қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша санаторийлік-курорттық емделуді ұсынуға өтініш; 2) жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) мүгедектігі бар адамнан сенімхат алған адам жүгінген кезде нотариалды куәландыруды талап етпейтін мүгедектігі бар адамнан сенімхат. Еңбек жарақатынан немесе кәсіптік аурудан мүгедектігі бар адамдар санаторийлік-курорттық ем алуға өтініш берген кезде: 1) мүгедектікке алып келген өндірістегі жазатайым оқиға туралы; 2) оның кінәсінан жұмыста еңбек жарақаты алынған немесе кәсіптік ауруға шалдығу болған жұмыс берушінің – дара кәсіпкердің қызметін тоқтату немесе заңды тұлғаны тарату туралы қосымша мәліметтер сұратылады. Жеке басты куәландыратын, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар туралы, мүгедектігі туралы, тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған АОЖБ-ның әзірленген іс-шаралары туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның, қалалық басқарманың бөлімшелері, жұмыспен қамту бөлімдері уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады. Веб-порталға: өтініш берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу. |
|
|
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі белгілену; 2) өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі болмауы. |
|
|
|
10 |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылар болып табылатын бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды рәсімдеу көрсетілетін қызметті берушінің әлеуметтік қызметкерінің жәрдемдесуімен жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған: 1. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган – www. enbek.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі; 2. Мемлекеттік корпорация – www.gov4c.kz. Өтініш берушінің жұмыспен қамту бөлімдерінің анықтамалық қызметтері, "1414" Бірыңғай байланыс орталығы, 8 800 080 7777 арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар. Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде авторизацияланған пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторизациядан өту қажет, бұдан әрі "Цифрлық құжаттар" бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды. Уәкілетті мемлекеттік орган Қағидаларға өзгерістер енгізілген және (немесе) толықтырылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды жаңартып және көрсетілетін қызметті берушілерге, Бірыңғай байланыс-орталығына, Мемлекеттік корпорацияға жолдайды. |
|
|
|
|
Мүгедектігі бар адамды |
|||
|
|
|
|||
Нысан
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып,
__________________________________________________________________
("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының
№ __ бөлімі (мекенжайын көрсету) /республикалық маңызы бар, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы)
Сіздің мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды, атап айтқанда:
жоқ құжаттардың/қолдану мерзімі өткен құжаттардың атауы:
1) _______________________________;
2) _______________________________;
3) _______________________________.
ұсынуыңызға байланысты "Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
__________________________________________________________________
("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының № __ бөлімі (мекенжайын көрсету)/республикалық маңызы бар, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы орган қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Алдым:
__________________________________________________________________
көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (қолы) (бар болса)
20___ жылғы "___" ___________.
|
|
Мүгедектігі бар адамды |
Нысан
Хабарлама
Тегі ______________________________________________________________
Аты ______________________________________________________________
Әкесінің аты (бар болса) _____________________________________________
Құжаттың нөмірі: _______________________ кім берген: _________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі: _____________________________________
Тұрақты тұратын (тіркелген) жерінің мекенжайы:
Облыс ____________________________________________________________
Қала (аудан) ________________ ауыл: _________________________________
Көше (шағын аудан) _________________ -үй _____________ -пәтер ________
Санаторийлік-курорттық емделуді көрсетуге құжаттарды рәсімдеу туралы хабардар етеміз.
Өтініш қабылданды және "Е-Собес" ААЖ кезегінің электрондық журналында
20 __ жылғы "__" _____ № ___ нөмірімен тіркелді.
Әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушіні таңдау мүмкіндігі туралы (aleumet.egov.kz) мобильді азаматтар базасында тіркелген Сіздің абоненттік ұялы байланысының телефон нөміріңізге смс-хабарлама жіберілетін болады.
Мемлекеттік органның басшысы ______________________________________
(тегі, аты, әкесінің (бар болса)
20___ жылғы "___" ____________
|
|
Мүгедектігі бар адамды |
Санаторийлік-курорттық ұйымға келуді тіркеу журналы
Ескерту. Қағидалар 5-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.05.2024 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
Р/с № |
Тапсырыс нөмірі |
Жеке сәйкестендіру нөмірі |
Қызмет алушының немесе еріп жүрушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
Телефон нөмірі |
Келу күні мен уақыты |
Келуді растау күні мен уақыты |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
|
Мүгедектігі бар адамды |
Нысан
Төсек-орынның бар екенін растау туралы 20 __ ж. _____ № ___ хабарлама
Құрметті ____________________________________ 20 __ ж. ___ ________ № ______ тапсырыста сіз рәсімдеген төсек-орынның бар екенін растау туралы Сізге хабарлаймыз.
Сізге тапсырыс сомасы туралы хабарлаймыз: ______ тг, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 168-бабының 4-тармағына сәйкес ______ тг; қосымша ақы сомасы ______ тг.
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 168-бабының 3-тармағына сәйкес сәйкес санаторийге келген кезде қосымша ақы төлеу қажет.
Сіздің санаторийге келуіңізді 20 __ ж. __ ____ мына мекенжайы бойынша күтеміз:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Шығу күні: 20 __ ж. __ ____ Сіздің санаторийде болу ұзақтығыңыз: ________
тәулікті құрайды.
Келу уақыты: ___ сағ., шығу уақыты: сағат ___
Жолдама құнына мыналар кіреді:
Диагностика: __________________________________________________________________
Емделу:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
__________________________________________________________________
- төсек-орын түрі: ______________________
- төсек түрі: __________________________
- төсек өлшемдері: биіктігі: ___ см,
- төсек-орын орналасқан қабат: ___,
- төсек-орын орналасқан нөмірдің көлемі: ___ ш.м.,
- төсек-орын орналасқан нөмірдегі басқа төсектер саны: ___,
- мүгедектігі бар адамдар үшін қолайлы жағдайлар бар:___________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Санаторийге орналасу үшін өзіңізбен міндетті түрде мынадай құжаттар болуы керек:
1) жеке басты куәландыратын құжат;
2) санаторийлік-курорттық карта;
3) төсек-орынның болуын растау туралы хабарлама.
Сіздің қалауыңызға сәйкес Сізге санаторийге дейін трансфер беріледі.
Сіз бұл төсек-орынға тапсырыс беруден 3 күн бұрын бас тарта аласыз.
Туындаған сұрақтар бойынша сіз байланыс нөмірі арқылы санаторийге қоңырау шала аласыз, нөмірі: + 7 (7_ _ ) _ _ _ _ _
|
|
Мүгедектігі бар адамды |
Нысан
Жолдама беру журналы
|
Р/с № |
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) |
Мүгедектік санаты |
Мекенжайы және телефоны |
Өтінішті қабылдау күні |
Жолдама берілген санаторийдің атауы |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
|
Жолдама берілген кезең |
Өтініш берушінің не жолдама алған адамның қолы |
Жолдаманы қайтару күні |
Билетті қайтару себептері |
Өтініш берушінің не жолдаманы тапсырған адамның қолы |
|
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ескертпе: Журнал өтініштердің келіп түсуіне қарай қатаң жүйелілікпен толтырылады.
|
|
Мүгедектігі бар адамды |
Нысан
Санаторийлік-курорттық емделуді ұсынудың ведомосы
__________________________________________________________________
санаторийлік-курорттық емделуді көрсететін ұйымның атауы
|
№ |
Серия, жолдаманың нөмірі |
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) |
Тіркелген мекенжайы және телефоны |
Келу күні |
Шығу күні |
Санаторийлік-курорттық емделу тәулік саны |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
|
Жалпы құны |
Мемлекеттік сатып алу бойынша құнының үлесі |
Алушының қосымша төлемі |
Ескертпе |
|
8 |
9 |
10 |
11 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Күні 20 ___ ж. " ____" ___________
Өнім беруші _______/____________________ қолы / қолтаңбаны толық жазу
МО
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК