"Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 03.08.2022 № 290 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) көрсетілетін қызметті беруші;
3) www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
Мемлекеттік корпорацияда – тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
көрсетілетін қызметті берушіде – тіркелген және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі;
порталда – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Өтініш берушінің (өкілдің) жүгінбеуіне байланысты мерзімінде берілмеген құжаттар бір ай ішінде Мемлекеттік корпорацияда сақталады, аталған мерзім аяқталған соң сұранымсыз құжат ретінде көрсетілетін қызметті берушіге қайтарылады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" құжаттар топтамасының қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсете отырып, өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация, порталмен байланысқан кезде, өтінішіндегі деректер автоматты түрде "Е-Собес" ААЖ-не беріледі.
әлеуметтік қызметкер көрсетілетін қызметті берушінің тапсырмасы бойынша 10 (он) жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалауды және айқындауды жүргізеді және тиісті қорытынды дайындайды;
көрсетілетін қызметті берушінің маманы 5 (бес) жұмыс күні ішінде мүгедектігі бар адамның, қарт адамның тұрғылықты жеріне барады және тексеру жүргізген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй және материалдық-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісін жасайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуге рұқсат немесе дәлелді бас тарту береді.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мелекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi
Шағым почта арқылы жазбаша нысанда немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей және әкімшілік іс шағымды қарайтын органға жіберіледі.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тірклген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
|
|
"Үйде күтім көрсету |
Нысан
|
|
Жергілікті атқарушы органның |
ӨТІНІШ
___________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегін, атын, әкесінің атын бар болса) көрсету)
үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін есепке алуды сұраймын.
Туған жылы _____________________________________________________
Тұрғылықты мекенжайы ___________________________________________
Телефон номері (үй, ұялы) _________________________________________
Мүгедектік санаты (болған жағдайда) _______________________________
Бірге тұратын отбасы мүшелері (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, туыстығын көрсету): _______________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу үшін қажетті менің қолжетімділігі шектеулі дербес деректерімді жинауға және өңдеуге "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасыны Заңның 8-бабына сәйкес келісім беремін.
Осы келісім қол қойылған күнінен бастап "Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету аяқталған күнге дейін қолданылады.
Осымен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі тиісті ақпаратты тексеру, сәйкестікке келтіру және жаңарту құқығын айқындау үшін еңбекке қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы(зайыбы) туралы ақпаратты пайдалануға, сондай-ақ мен көрсеткен, ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер мен мәліметтерді пайдалануға (беруге), менің мәртебем, менің мүддемде арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушы ретінде, оның ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну үшін.
Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.
Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету тәртібі мен шарттарымен таныстым.
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы _____________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Күні 20__ жылғы "___" ___________
Өтінішті қабылдады __________________________________________________
(тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) және лауазымын көрсету)
Қолы _________ күні 20__жылғы "___" __________.
|
|
"Үйде күтім көрсету |
Нысан
|
"Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі |
||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
|
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: |
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Құжаттар топтамасын тіркеген сәттен бастап – 14 (он төрт) жұмыс күні. |
|
4 |
Көрсету нысаны және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру |
Электрондық (ішінара автоматтындырылған)/ қағаз түрінде. |
|
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілген еркін нысандағы құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама немесе осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
|
6 |
Көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және оны алу тәсілдері |
Тегін. |
|
7 |
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) Мемлекеттік корпорацияда – жексенбі және мереке күндерінен басқа, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. |
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның заңды өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға немесе портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады: |
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Мыналар: |
|
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мүгедекттігі бар адамға үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу әлеуметтік қызметкердің жәрдемдесуімен жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: Жүктеу |
|
|
"Үйде күтім көрсету |
Нысан
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19, 19-1 баптарының, 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып,
____________________________________________________________________
(Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы
бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары; "Азаматтарға арналған үкімет"
мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы)
Сіз құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен /дәйексіз құжаттарды, атап айтқанда:
1) ___________________________________________________________;
2) ___________________________________________________________;
3) ___________________________________________________________ .
ұсынуыңызға/ көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін ұсынылған қажетті материалдардың, объектілердің, деректер мен мәлеметтердің сәйкес келмеуіне (керегін сызу) байланысты "Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
Орындаушы:_____________________________________________________
_____________________________________________________________________
(аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қаланың (астананың) жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік
корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының, облыстық маңызы бар қала,
ауыл, кент, ауыл округі әкімі қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
Телефон: _______________________________
Алдым: ________________________________________________________
__________________________________________________________________
(Қызмет алушының немесе заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
"___" ____________ 20___ жыл.
|
|
"Үйде күтім көрсету |
Нысан
Тұрғын үй және тұрмыстық жағдайды зерттеу * № _______ АКТІСІ
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(жайлы / қолайсыз тұрғын үй)
__________________________________________________________________________
(пәтер, жеке үй, жатақхана және басқалар)
__________________________________________________________________________
(еденді, нөмірлер санын, ванна бөлмесінің болуы, орталық жылыту, лифт
және тағы басқаларды көрсетіңіз)
__________________________________________________________________________
(басқа шарттар)
Актіні жасаған адам ___________ _____________________________________________
(Қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
Күні 20___ жылғы "___" _________
Ескерту: мүгедектігі бар адамдар мен қарттар үшін толтырылады.
|
|
"Үйде күтім көрсету |
Нысан
Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер алу үшін МЕДИЦИНАЛЫҚ КАРТА
__________________________________________________________________
(медициналық ұйымның атауы)
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _____________________________________
Туған күні жыл _____ "____" _________
Үйінің мекенжайы __________________________________________________
Қысқаша анамнез (бастан өткерген аурулар жөнінде, дәрілік препараттарды,
азық-түлікті көтере алмаушылық және тағы басқа):
___________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Медициналық тексеру: (негізгі және ілеспелі диагнозды, асқынудың орын алғандығын,
бұрын болған аурулар туралы мәліметтерді көрсету қажет):
невропатолог ________________________________________________________
____________________________________________________________________
психиатр ____________________________________________________________
____________________________________________________________________
дерматовенеролог ____________________________________________________
____________________________________________________________________
фтизиатр (флюорография мәліметтерінің болуы міндетті) __________________
___________________________________________________________________
терапевт/педиатр_____________________________________________________
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________
эпидемиологиялық ортасы туралы қорытынды ____________________________
____________________________________________________________________
Зертханалық зерттеулердің нәтижелері:
қанның жалпы анализі_________________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
зәрдің жалпы анализі ________________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
нәжіс жұғындарын ішектаяқшасына бактериологиялық зерттеу
____________________________________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
Дәрігерлік-консультациялық комиссия төрағасының қорытындысы:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(үйде қызмет көрсету ұйымда болуға медициналық қарсы көрсетілімдер бар ма)
Мөр орыны.
Медициналық ұйымның басшысы: ______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
20___ жылғы "___" ___________