Көксу ауданының 2020 жылға бекітілген бюджет көлемі 9873539,0 мың теңге, түзетілген бюджет 11822000,2,0 мың теңге құрайды.
2020 жылдың 1 шілде айына бюджеттің кірістері бойынша 5959960,1 мың теңге сомасында орындалған, түзетілген жоспары 5721995,2 мың теңге немесе 104,2 %. Облыстық бюджет есебінен 5316720,2 мың теңге сомасында трансферттер түсті немесе 100,0%.
Меншік түсімдер бойынша 2020 жылдың 01 шілде айына 405275,0 мың теңге құрап, 643239,9 мың теңгеге орындалды немесе 158,7% оның ішінде:
Салықтық түсімдер бойынша жоспарланған сома 402269,0 мың теңге болса, нақты түскені 630546,3 мың теңге немесе 156,7%.
Салықтық емес түсімдер бойынша жоспар 3006,0 мың теңге болса, нақты түскені 6116,2 мың теңге, немесе 203,5 %.
2020 жылғы 01 шілде айына аудан бюджетінің шығыс бөлігі 97,6% -ға игерілді. Қаржыландыру жоспарындағы 5765,2 млн теңгенің нақты жұмсалғаны 5623,8 млн теңгені құрап 141,4 млн теңге игерілмей қалды, оның ішінде:
- 129,4 млн теңге - «Ел бесігі бағдарламасы» шеңберінде РБ есебінен Ақшатоған ауылындағы №5 орта мектебінің күрделі жөндеу бойынша жұмыс көлемінің болмауына байланысты;
- 0,9 млн теңге «Ел бесігі бағдарламасы» шеңберінде РБ есебінен Ақшатоған аулынын жолдарын жөндеу бойынша үнемделген қаражат;
- 0,5 мың теңге- әлеуметтік төлемдер бойынша үнем;
- 9,9 млн теңге жұмыспен қамту бойынша игерілмеген қаражат;
- 0,7 млн теңге қалдық қаражат
Көксу ауданының қаржы
бөлімінің басшысы А.Джетписбаева