Көксу ауданының әкімдігі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

Көксу ауданының әкімдігі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

 Индекс 041200, Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы, Мырзабеков көшесі, 40, анықтама телефоны/факс: +8/72-838/   2-02-56,  2-02-52; электрондық пошта: zh.kubieva@zhetysu.gov.kz,                         БИН: 690540000019

 

         Құжаттарды қабылдау мерзімі: 7 жұмыс күні, ол  жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

         Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

         1) Өтініш;

         2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

         3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

         "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

         "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

         Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

         Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

         Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесу өтетін орны:  Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы, Мырзабекова көшесі № 40.

         Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар мен сарапшылардың қатысуына қатысты ақпарат:

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның шешіміне уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағымдана алады. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламалары

         3) үшінші бағдарлама C-R-5, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест                  (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

           Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" (15 сұрақ), "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" (15 сұрақ), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

         Үшінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (100 сұрақ) кем дегенде 50 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

         Үшінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 85 минутті құрайды

         «Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: стресске орнықтылық (10 тапсырма), бастамашылдық (10 тапсырма), жауапкершілік (10 тапсырма), қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану (10 тапсырма), адалдық (10 тапсырма), өздігінен даму (10 тапсырма), жеделділік (10 тапсырма), ынтымақтастық және әрекеттестік (10 тапсырма), қызметті басқару (10 тапсырма), шешім қабылдау (10 тапсырма), көшбасшылық (10 тапсырма), стратегиялық ойлану (10 тапсырма), өзгерістерді басқару (10 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тапсырмалардан тұрады.

 Тестілеу сондай-ақ растық деңгейін анықтауға арналған сұрақтарды қамтиды.

 Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуді өту мәні растық деңгейі бойынша кем дегенде 50% құрайды.

 Тесттерді орындау үшін жалпы уақыт 100 минутты құрайды.

 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»       Заңының 27- бабы, 8-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметшілер  жалпы конкурсқа қатысқан жағдайда,  тестілеуден өткені туралы сертификат және уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындыны өткізу талап етілмейді.

         E-R-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

         жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

         жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

          1."Көксу ауданының  құрылыс бөлімі"мемлекеттік мекемесінің бас маманы, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 95209 теңгеден 128834 теңгеге дейін, Е-R-4 санаты, индексі (81-09-2), 1-бірлік тұрақты.

         Білімі:Жоғары білімі экономикалық, сәулет,құрылыс.Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

         Функционалдық міндеттері:Аудан дамуынының индикативті жоспарын әзірлеу, салық төлемдері бойынша қарыздарына мониторинг жүргізу, алдағы үш жылға және қаржы жылына әлеуметтік экономикалық дамуының талаптарына сәйкес басымдылықтарды ескерте отырып ауданда стратегиялық және орта мерзімді жоспар құру; Аудан аумағында орналасқан мемлекет есебінен қаржыландырылатын және мемлекеттің кепілдігімен берілген несиелік инвестиция арқылы салынатын құрылыстардың жобалау және жүргізуге арналған келісім шарттарын жасауға және тіркеуге қатысады; Пайдалануға берілген жаңадан салынған, қайта құрылымдалған, кенейтілген, техникалық жағынан қайта жабдықталған объектілермен кешендерді қабылдауға мемлекеттік қабылдау комиссиясының жұмысына қатысады; Бухгалтерлік есеп және қаржы шаруашылық бағыттағы қызметті іс-жүзіне асырады, материалдық, еңбек және қаржы көздерін үнемді пайдалануын қадағалайды; Бөлім басшысының тапсыруымен басқа да міндеттерді атқарады; Мемлекеттік тілді білу және компьютерде жұмыс істей білу.

 E-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мынадай құзыреттердің бар болуы:стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

  1. Көксу ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы Е-4 санаты, индекс (81-07-02), 1 бірлік (уақытша негізгі қызметкердің бала күту демалысы кезеңі 14.08.2022 жылға дейін).

Жалақысы: еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 77 513 теңгеден 104 943  теңгеге дейін.

Білімі : Жоғары кәсіптік.
       

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, жоғары тұрған мемлекеттік Үкімет пен басқару органдарының актілерінің орындалуын жүзеге асыру. Өзінің лауазымдық міндеттерін атқару үшін жалпы бөлімінің бас маманы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 10-бабында белгіленген және төмендегі  функционалдық міндеттерді аткаруы тиіс:

Аудан әкімінің атына түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу, уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді;

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша  №1-ОЛ үлгісі бойынша тоқсандық және жылдық статистикалық есебін дайындайды;

Аудан әкімінің,  ауылдық округ әкімдерінің ресми сайтының жұмыс істеуін, хабарламалар берулуін қамтамасыз етеді, аудан әкімі аппаратындағы  оргтехникалардың сақталуына жауап береді;

Аппарат және бөлімдердің қызметкерлеріне тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетеді;

Ауылдық округ әкімдеріне, аудан әкімі аппаратының бөлімдеріне «Lotos Notus» бағдарламасын жүргізу жөнінде,  «АИС» бағдарламасы, Интернет жүйесінің, «Е-акимат» және «Е-лицензирование» бағдарламаларының жұмыс істеуін қадағалайды; әдістемелік және іс тәжірибелік көмек көрсетуді ұйымдастырады;

Жоғарғы органдардың шешімдерін, өкімдерін, қаулыларын, құжаттарын, тапсырмаларын бақылауға алады, орындалуы бақылауға алынған құжаттарының орындалуын қамтамасыз етеді;

Бөлім басшысының қызмет бабында туындаған  басқа да тапсырмаларын орындайды;

E-R-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымы санатына келесідей үлгілік

біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары, немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі:құқықтық , техникалық ғылымдар және технологиялар (геодезия және картография), қызмет көрсету  (жерге орналастыру, кадастр) сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

3«Көксу ауданының жер қатынастары  бөлімі » мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы E-R-5 санаты /81-20-3/                                                               1 бірлік.л(уақытша негізгі қызметкердің бала күту демалысы кезеңі 01.03.2022 жылға дейін).

Жалақысы: еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 84115 теңгеден 114853  теңгеге дейін.

Білімі: Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: ауылшаруашылық ғылымдары, құқықтық, техникалық ғылымдар және технологиялар (геодезия және картография), қызмет көрсету (жерге орналастыру, кадастр, бағалау)

        Функционалдық міндеттері: Жеке және заңды тұлғалардан өтініштерді қабылдайды.Мемлекттік қызмет көрсетуді басшылыққа ала отырып,құжаттардың толықтығын қамтамасыз етеді.

Жер учаскесін жалға беру үлгідегі шарттарын және де басқа да үлгідегі шарттарды толтырып,оның дұрыс толтырылуын қадағалайды. Жер телімдерін жалға алу, сатып алу, сату келісім-шарттарын жасайды.

       Тұтынушы мемлекеттік қызмет көрсету туралы сұрақтармен жүгінген жағдайда, соның ішінде мемлекеттік қызметтің атқарылу барысы туралы толық және нақты ақпаратты ұсынады, ай сайын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпарат өткізеді.

        Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде тұтынушыдан сұраным түскен сәттен бастап мемлекеттік қызмет нәтижесі берілгенге дейін аталған мемлекеттік қызметті көрсету стандарттарымен бекітілген шектеулерді қатаң ұстанады. Тоқсан сайын мемлекеттік Кірістер басқармасына ақпарат өткізеді. Бөлім қызметкерлерінің жеке істеріндегі мәліметтерді Е-қызмет ықпалдастырылған ақпараттық жүйесіне енгізеді. Кіріс шығыс құжаттарын тіркейді. Іссапарларды тіркеу журналын жүргізеді. Бөлімдерге, ауылдық округтерге тиісті мәселелер бойынша телефонограммалар береді. Аудан әкімшілігіне ай сайын мемлекеттік қызмет көрсету боцынша ақпарат өткізеді.Тоқсан сайын жалпы бөлімге келіп түскен арыз-шағымдар жайлы статистикалық ақпарат даярлайды. Электрондық құжат айналымын іске асырады. Бөлімге келіп түскен құжаттардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді. Бөлімнің сенімді өкілі ретінде сот органдарына қатысады.

      Рұқсат ету (Е-лицензиялау) ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету бойынша электрондық құжат айналымын жүргізеді.Бөлімдегі іс жүргізу ісін жүргізеді.             

Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:  Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы

 

Нысан

 

 ____________________________________

_____________________________________

 

(мемлекеттік орган)

Өтініш

         Мені ________________________________________________________

__________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

         "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

         Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

         Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын

         транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

                                                      (иә/жоқ)

         Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

         Қоса берілген құжаттар:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

    _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

    _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

       Мекен жайы: ___________________________________________________

      Байланыс телефоны: _____________________________________________

      e-maіl: _________________________________________________________

      ЖСН: _________________________________________________________

      _________ _____________________________________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

 "___"_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
3-қосымшасы

 

 

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ

 

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)/
фамилия, имя, отчество (при наличии))

 

 

(жұмыс орны, лауазымы, санаты/ место работы, должность, категория)

 

(жеке сәйкестендіру нөмірі/
индивидуальный идентификационный номер)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР /

ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

 

1.

Туған күні және жері /
Дата и место рождения



 

2.

Ұлты (қалауы бойынша) /
Национальность (по желанию)



 

3.

Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /
Семейное положение, наличие детей

 



 

4.

Оқу орнын бітірген жылы және оның

атауы /
Год окончания и наименование учебного заведения

 



 

5.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)



 

 

6.

Шетел тілдерін білуі /
Владение иностранными языками



 

7.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)



 

8.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)



 

 

9.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /
Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 



 

 

10.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)



 

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ



№

Күні / Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /
должность*, место работы, местонахождение организации

қабылданған /
приема

босатылған /
увольнения









 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________
күні / дата

Көксу ауданының әкімдігі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды
Дата публикации
20 августа 2020