Көксу ауданы әкімдігі ММ «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды

Индекс 041200, Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы, Мырзабеков көшесі, 40, анықтама телефоны/факс: +8/72-838/ 2-02-56,                 2-02-52; электрондық пошта: zh.kubieva@zhetysu.gov.kz,БИН: 690540000019

 

         Құжаттарды қабылдау мерзімі:  (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

        Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.    

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.        

  Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президент туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,«Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын,  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар қатысуына қатысты ақпарат:  Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

 Әңгімелесу өтетін орны:   Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы, Мырзабекова көшесі, №40.

  Әңгімелесу өтетін уақыты:  Әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде өтетін болады.

   Е-G-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі; 

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.     

        Мынадай құзыреттердің бар болуы:стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

  1. 1. «Қаблиса ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты  90 962 теңгеден 122 286  теңгеге дейін,                           Е-G-3 санаты, индекс (81-40-5), 1-бірлік

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары, кәсіптік

         Функционалдық бағыты: Салық төлеушілерге салық заңдылығының ережелерін түсіндіреді, салықтарды салу жөніндегі заңдардағы және нормативтік-құқықтық ақтілердегі өзгерістер туралы мерзімінде тұрғындарды хабардар етеді. Жеке тұлғалардан-тұрғындар мен шаруа қожалықтардан жер,мүлік,көлік құралдары салықтары мен алымдардың толық әрі  мерзімінде түсуін қамтамасыз етеді. Округ аумағындағы салық төлеушілерді және салық нысандарын мерзімінде  толық есепке алады.Салықтар мен бюджет төлемдерінің дұрыс есептелуін,толық әрі мерзімінде  төленуін  қамтамасыз етеді. Шаруашылық кітаптарға жер мен тұрғын үйлер жөніндегі деректерді толық және дұрыс түсуін қамтамасыз етеді. Салық төлеу есебіне жиналған ақша қаражатын бюджетке толық көлемінде уақытылы өткізіп тұрады,әр апта сайын орындалу барысы жөніндегі округ әкіміне есеп береді. Салық толеушілерге алынған төлемі туралы квитанцияларын дер кезінде жазып беруін және түбіртек бланклерінің сақталуын дұрыс толтырылуын қамтамасыз етеді.Аудандық салық комитетіне олардың пайдалануы туралы есепті бекітілген мерзімі бойынша береді. Салық төлеуден жалтарып жүрген жеке және заңды тұлғаларды ісдестіруге жәрдем береді. Салық заңдылығын бұзушылық жөніндегі,олардың пайда болу себептері мен жағдайы туралы округ әкіміне хабарлайды. Округ аумағындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, жұмысын бақылау және есебін жүргізу,салық комитетінде тіркелуін қадағалайды. Қызметтік сала бойынша жоғарғы орындардан келген құжаттарға жауап дайындайды.  Үй іргесіндегі бақшалық жерге қатысты мәселелерді шешуге көмек көрсетеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстар жүргізу. Өзіне бөлінген участок бойынша  шаруашылық кітаптардағы мәліметтерді жинап,толтыруға көмектеседі. Округ әкімінің тапсырмаларын орындайды.  Компьютерде жұмыс жасай білуі, мемлекеттік тілді білуі міндетті.

           Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

           Байқаушы ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатысады.

  Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып  табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды  іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

           

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________
 (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені___________________________________________________________
___________________________________________________________________
_____________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

     

Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________________
____________________________________________________________________

________                                      _________________________________________
  (қолы)                                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.

Көксу ауданы әкімдігі ММ «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды
Дата публикации
29 июля 2020