«Көксу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Көксу ауданы әкімінің аудандық Мәдениет үйі» МКҚК директорының бос лауазымына тағайындау
үшін конкурс жариялайды.
Жарияланған күн 18.08.2023 жыл.
Индекс 041200, Жетісу облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы, Мырзабеков көшесі, №38, анықтама телефоны: 8/72838/2-02-47, электрондық пошта: koksuovp2014@mail.ru
«Көксу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларының негізінде «Көксу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Көксу ауданы әкімінің аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директоры қызметіне конкурс жариялайды.
Конкурс өткізу мерзімі: «Көксу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы хабарландыруды жарияланғаннан кейін 15 күн өткен соң белгілейді.
Конкурс өткізілетін орны: «Көксу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Жетісу облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы, Мырзабеков көшесі, 38.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
білімі:
кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім, тілдер мен әдебиет бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және/немесе бизнес, басқару және құқық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.
Жұмыс өтілі: мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 3 жылдан кем емес, немесе Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін 5 жылдан кем емес, немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім, тілдер мен әдебиет бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және/немесе бизнес, басқару және құқық бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін мәдениет саласында немесе басшы лауазымдарда 2 жылдан кем емес.
Білуі тиіс: Конституцияны, Бюджет кодексін, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, Еңбек кодексін, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», Қазақстан Республикасының заңдарын, ішкі еңбек тәртіптемесінің, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарының тәртібін.
Атқаратын негізгі міндеттері: Мәдени-демалыс ұйымдарының қызметтеріне басшылық етеді, шығармашылық, әдістемелік, мәдени-ағартушылық жұмыстарды жүзеге асыруды, жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады, байқаулар мен фестивальдарды, халық шығармашылығы конкурстарын, көркемөнерпаз жетекшілерінің семинарларын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді, көркемөнерпаз ұжымдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады, саябақтың және оның бөлімшелерінің аумағында эстрадалық театрлар, кинодәрістер, планетарийлер, кітапханалар, би және ойын павильондары, алаңдар, мұз айдындар, шаңғы және қайық станцияларын, мәдени-тұрмыстық және спорттық құрал-жабдықтарды жалға беру базаларын, әртүрлі аттракциондар мен халыққа қызмет көрсететін нысандарды, сондай-ақ үрмелі аспаптар мен эстрадалық оркестрлерді, көркемөнерпаздар ұжымын, әртүрлі секцияларды ұйымдастырады, бақ-саябақ шаруашылығының дамуын және сақталымын қамтамасыз етеді, білікті мамандарды әдістемелік құралдар, сценарийлер, репертуар жасауға, осы материалдарға пікір жазу және көркемөнерпаздар ұжымына шығармашылық көмек көрсету жұмыстарына тартады, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру үшін жағдайлар жасайды, көтермелейді, шығармашылық бастамаларын ынталандырады, ұйым қызметкерлерінің өндірістік және еңбек тәртіптерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ережелерді, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауларын бақылайды.
Лауазымдық жалақысы еңбек өтілдеріне байланысты – 238 598 тенге – 289 292 тенге.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыру шыққан күннен бастап 15 күннің ішінде комиссияға төмендегідей құжаттарды ұсынуы тиіс:
Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды:
1) он сегіз жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Конкурсқа қатысу үшін тапсырылған құжаттар нотариалды түрде немесе жұмыс орнының кадрлық қызметімен расталады.
Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.