Көксу ауданы бойынша 2020 жылдың 01 шілде айына 752 жаңа жұмыс орындары ашылды. Тұрақты жұмыс орындары - 394. Оларды экономикалық сала түрлеріне бөлгенде ауылшаруашылығы - 129, көтерме және бөлшек сауда - 12, құрылыс-93, басқа түрлері -124 орындар құрылған. Уақытша-358 орындар .
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» туралы Заңына сәйкес, жаңа форматтағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жыл басынан 184 отбасына немесе 1029 адамға 74158,2 мың теңге төленді. Кепілдік берілетін әлеуметтік топтама 1-3 жасқа дейін 102 жанұяға 107 балаға, 3-6 жасқа дейінгі 100 отбасына 117 балаға , тұрмыстық химия тауарларының жиынтығы 1-6 жасқа дейінгі 132 отбасына 224 балаға берілді. Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегі 40 жанұяға 838,0 мың теңге төленді.
Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша 66 адамға 916,7 мың теңгеге әлеуметтік көмек төленді.
Туберкулез індетімен ауыратын 21 адамға 971,5 мың. теңгеге және аудан бойынша 2 ҰОС ардагерлеріне тұрғын үй коммуналдық қызметтеріне жыл басынан 97,7мың теңге. Ауған соғысының қатысушыларына - 27 адамға 1350,0 мың теңге.
Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдық мерейтойына орай, ҰОС 2 ардагерлеріне 2020 жылы 9 мамырға 2000,0 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді және қайтыс болған Ұлы Отан соғысының қатысушыларының 8 жесіріне 100,0 мың теңгеден 800,0 мың теңгеге көмек көрсетілді. Чернобыль апатынан зардап шеккен 16 адамға 800,0 мың теңгеге біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді және қайтыс болған зардап шеккендердің 2 жесіріне 100,0 мың теңгеге, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген және бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған 197 адамға 50,0 мың теңгеден 9850,0 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.
Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша 51 балаға 1761,5 мың теңге көмек көрсетілді. Жоғарғы білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру,орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімінде оқитын студенттеріне әлеуметтік көмек көрсету бойынша 2 студенке 350,0 мың теңгеге көмек көрсетілді.
Қазақстан Республикасының «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңын іске асыру мақсатында ауданда әр түрлі іс-шаралар жүзеге асырылды. Жыл басынан мүмкіндігі шектеулі адамдар арасынан 38 адам міндетті гигиеналық құралдармен, 28 адам қол арбамен, 10 адам тифло құралдармен, 12 адам сурдо құралдармен, протездік-ортопедиялық бұйымдармен 27 адам, 58 адам санаторлы – курорттық жолдамамен қамтамасыз етілді.
«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлетігінің «Талдықорған» корпоративтік қоры арқылы 42 мүгедек адамға жеке оңалту бағдарламасы бойынша 42 жеке көмекшінің қызметтері 11397,3 мың теңгеге көрсетілді.
Көксу ауданының «Салауат» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің «Нұрлы көмек» ЖШС-інің 2 ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтері 13 мүгедек адамға көрсетіліп, 1788,0 мың теңге төленді.
«Инвакөмек» мүгедектер қоғамы аудандағы 34 мүгедектігі бар адамдарға тасымалдау жұмыстарын жүргізеді 1788,0 мың теңге төленді.
Мүмкіндігі шектеулі 35 балаға үйден 8 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді.
Үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде 70 жалғыз басты бөгде адамның көмегіне мұқтаж қарттар мен мүгедектерге 15 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді. Оның ішінде 6-і 1,2 топтағы мүгедек, 64-ы жасына байланысты зейнеткерлер.
2017 жылдың 3 қараша айында «Көксу ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 22-3 Көксу ауданының Маслихатының шешімі қабылданып, осы шешімге бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 5 адамға 206,5 мың теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді.