Дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2020 жылдың ІІ-тоқсанында ұйымдастырған спорттық іс-шаралары туралы АҚПАРАТ

Бүгінгі күні Көксу ауданында 118 спорттық құрылымы бар. Оның ішінде:  1 орталық стадион, 1 спорт кешені, 1 шаңғы базасы, 11 ату тирі, 32 спорт зал, 71 жазықтық құрылымдар, 1 жүзу бассейні. Оның ішінде: 1 жасөспірімдер мен балалар спорт мектебі, Б.Оңғаров атындағы орталық стадион, «Жастар» спорт кешені, орта мектептер мен мәдениет үйлерінде орналасқан 27 спорт зал, 1 жүзу бассейні,  «Харуат» мәдени-спорт орталығы,  1 бокс залы, жасөспірімдер мен балалар спорт мектебінде 3 күрес залдары бар.

Қазіргі уақытта мемлекетіміздегі халықтың 30% - ын 2020 жылға дейін үнемі спортпен айналысатындай дәрежеге жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Аудан бойынша бұл бағытта жұмыстар аяғын нық басып, қойылған межеге жетіп те алдық. Жалпы аудан бойынша халық саны 2020 жылыдың ІІ-тоқсанында 41622 адам болса соның спортпен шұғылданатындар саны 12631 адамға жетіп отыр, яғни 30,6 % ға жетті. Жалпы спорт мектебіндегі 1255 жаттығушы спортшылар спорттың 12 түрімен спортпен шұғылданады. Олар: еркін күрес, дзюдо, грек-рим күресі, бокс, баскетбол, волейбол, футбол, қазақ күресі, самбо, тоғызқұмалақ, хан дойбы және  армрестлинг (қол күрес). Аудан бойынша әр ауылдық округтарда ауылдық мекендерде спортты дамыту мақсатында спорт методистері 2014 жылдан бері жұмыс жүргізуде. Спорт мектептерінде барлығы 35 жаттықтырушы дәріс беруде.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында Көксу ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі жылдық жоспар бойынша мүлтікпей жұмыстарды атқаруда. Кез – келген мерекелерде спорттық іс – шаралар міндетті түрде өткізілуде. Әр округтегі спорт нұсқаушыларының жылдық жұмыс жоспары жасалып, жоспарлары бойынша ай-сайын есептері қабылданады. Спорт нұсқаушыларының айлық есеп өткізуі үнемі бақылауға алынған. Көксу ауданы бойынша дене шынықтырумен айналысу үшін барлық жағдайлар барынша қарастырылуда.

 

Дене шынықтыру және
спорт бөлімінің басшысы                                                 А. Алпысбаев
Дата публикации
01 июля 2020