Ауылшаруашылығы саласы бойынша 2020 жылдың І жартысында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Аудан бойынша 2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 31710 га құрайды.

Көктемгі дала жұмыстарына 561 трактор, 141 соқа,  қант қызылшасының сепкіші – 11 дана, қопсытқыштар – 10 дана, жер тырмалары 66 дана, басқа да сепкіштер 98 дана жұмылдырылды.

         400 тн жанар - жағармай қолда бар. Маусым айына 26 шаруа қожалыққа 114,6 тн жанар-жағармайға   сұраныс берілді. Бүгінгі күнге «Қарамай» ЖШС арқылы, 3 шаруа қожалық 17 тн жағармай алды.

         Майлы дақылдардың барлығы – 12305 га: оның ішінде майбұршақ – 11705 га, мақсары – 500 га, күнбағыс - 100 га. Жоспарға сәйкес күтіп баптау жұмыстары жалғасуда.

Техникалық дақылдар: көкөніс – 885 га, бақша – 140 га, картоп – 1051 га.

Ағымдағы жылы қант қызылшасы 2467 га себілді.Қазіргі уақытта І – шөптеу жұмыстары, 2467 га суғару жұмыстары аяқталды.

Мал азығы дақылдары көлемі – 5318 га: көп жылдық шөп – 3944 га, сүрлем жүгері – 125 га, бір жылдық шөп – 1249 га.

Қазіргі уақытта көп жылдық шөптің І – шабындығы шабылып 66 мың тонна шөп алынды, оның ішінде жоңышқа – 52 мың тонна дайындалды.

Ауданда 17 жылыжай жұмыс жасап І айналымнан 86 тонна өнім алынды.

1350 га жерге 2067 литр гербицидтер, 350 тонна минералды тыңайтқыштар   дайындалды.

          Қант қызылшасының жоспары 2467 га. «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік коорпорациясы ұлттық компаниясы арқылы 131 шаруа қожалыққа 1779 қант қызылшасының себу бірлігіне сұраныс берілді (1368 га). Шаруашылықтардың қолында 767 бірлік шетелдік селекцияның  тұқымы бар (590 га). Нақты алынғаны 147 шаруа қожалық, себу бірлігі  2053.

 Панфилов ауданындағы  отандық  тұқым өндіруші «Қамқорлық» ЖШС нан 8 шаруашылық  906 кг тұқым  сатып алынды.

«Казагрэкс» зертханалық орталығына: қант қызылшасы – 767  себу бірлігі, майбұршақ – 1500 тн, дәндік жүгері – 45 тн, жаздық арпа – 982 тн, жаздық бидай – 990 тн өткізілді.

Шаруашылықтың барлық түрлерінде мал шаруашылығы тұрақты түрде дамып біраз табыстарға жеткендігі байқалады 6 айдың қортындысы   бойынша ауданда тірі салмақта мал мен құс өнімі – 3317 тн, 7491,0 тонна сүт сауылып, 2036  мың  дана жұмыртқа алынды.

         Бүгінгі күнге асыл тұқым дәрежесін алған шаруашылықтар бойынша ірі-қара 965 бас немесе 2,6%,  қой  12500 бас немесе 6,1%, жылқы  290 бас немесе 1,8  пайызды құрайды.

         Жалпы аудан бойынша асыл тұқымды малдың үлесі  Ірі-қара 10500 бас немесе 28%, қой 69500 бас немесе 43,0%, жылқы 3400 бас немесе  22,4 %  құрайды.

Мүйізді ірі қара етінің экспорттық әлеуетін дамыту жобасы шеңберінде тұқымдық түрлендіруге  8500 аналық мал басымен  160 фермерлік шаруашылық қатысады деп жоспарланып отыр.

Дата публикации
01 июля 2020